Түркия Газа секторындағы Израиль шабуылдарын айыптап, халықаралық қоғамдастықты әрекет етуге шақырды
ТҮРКИЯ
1 минут оқу
Түркия Газа секторындағы Израиль шабуылдарын айыптап, халықаралық қоғамдастықты әрекет етуге шақырды"Израильдің жаңа зорлық-зомбылық толқынын туындатуына жол берілмейді," – деп мәлімдеді Түркия Сыртқы істер министрлігі.
/ Public domain
18 Наурыз 2025

Түркия Израильдің Газадағы қоршау астында қалған аймаққа жасаған соңғы әуе шабуылдарын қатаң айыптап, бұл шабуылдарды Тель-Авивтің "геноцид саясатының" жалғасы деп сипаттады.

Сейсенбі күні жасалған мәлімдемеде Түркия Сыртқы істер министрлігі бұл шиеленістің Нетаньяху үкіметі тарапынан жүзеге асырылған жаңа қанды қырғын кезеңін білдіретінін атап өтті.

"Израиль халықаралық құқық пен жалпыадамзаттық құндылықтарды өрескел бұзып, адамзатқа қарсы әрекет жасауда," – делінген мәлімдемеде.

Министрлік сондай-ақ Израильдің бұл әрекеттері аймақта бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған жаһандық талпыныстар жалғасып жатқан тұста өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіретінін ерекше атап өтті. "Израильдің жаңа зорлық-зомбылық толқынын туындатуына жол берілмейді." – делінген мәлімдемеде.

Анкара халықаралық қауымдастықты Израильдің агрессиясына қарсы батыл ұстаным танытуға шақырып, тез арада тұрақты бітімге қол жеткізу және Газа секторына гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуінің маңыздылығына назар аударды.

"Түркия Палестина халқының әділ ісіне деген мызғымас қолдауын тағы да растайды және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерге өз үлесін қосуды жалғастырады."– деп хабарланды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us