САЯСАТ
1 минут оқу
Захарова: “Ресей Қарабахты Әзербайжан аумағы деп таниды”
Әзербайжан Мединскийді Қарабахқа қатысты тарихи шындықты бұрмалады деп айыптаған болатын.
Захарова: “Ресей Қарабахты Әзербайжан аумағы деп таниды”
/ AA
11 Маусым 2025

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова орыс шенеуніктің даулы мәлімдемесінен кейін ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің Қарабахты Әзербайжан жері ретінде танитынын растады.

Захарова: «Ресей бұл аймақты ресми түрде Әзербайжан аумағы деп таниды», – деді.

Ресей Президенті әкімшілігінің кеңесшісі Владимир Мединский бұған дейін Қарабахтағы жағдайдың тарихи, әлеуметтік және мәдени қырларына қатысты мәлімдемелер жасап, сынға ұшыраған болатын.

«Армения мен Әзербайжан арасындағы даулы аумақ» деп сипаттауына байланысты Украинамен өткен соңғы екі келіссөздің басты өкілі болған Мединскийді Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі тарихи шындықты бұрмалады деп айыптады.

Захарова Мединскийдің «тек қана қарулы қақтығыс төңірегіндегі трагедияға» қатысты пікір білдіргенін атап өтіп, «контекстен тыс, болмаған тұжырымдарды жасау және сөздердің орнын ауыстыру арқылы» айтылған сөздерге мүлде басқа мағына жүктеуден аулақ болу керек екенін айтты.

Баку мен Ереван арасындағы қарым-қатынас 1991 жылы армян күштерінің халықаралық қауымдастық Әзербайжан аумағы ретінде таныған Қарабах пен оның айналасындағы жеті өңірді басып алуымен күрт нашарлаған болатын.

2020 жылдың күзіне қарай Әзербайжан 44 күнге созылған соғыс кезінде бірнеше қала, ауыл және елді мекенді армян оккупациясынан азат етті.

Қақтығыс Ресейдің араағайындығымен жасалған бітім арқылы тоқтатылып, тараптар арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жөнінде келіссөздер басталды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us