САЯСАТ
2 минут оқу
АҚШ Бен-Гвир мен Смотричке қарсы бес елдің санкцияларын «пайдасыз» деп бағалады
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс Ұлыбритания, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және Норвегияның Бецалель Смотрич пен Итамар Бен-Гвирге қарсы санкция салу шешімін сынап, «бұл атысты тоқтатуға апармайды» деді.
АҚШ Бен-Гвир мен Смотричке қарсы бес елдің санкцияларын «пайдасыз» деп бағалады
/ AA
11 Маусым 2025

АҚШ Ұлыбритания, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және Норвегияның екі израильдік министрге санкция салу шешімін «пайдасыз» деп сипаттады. Вашингтон Израильді халықаралық қауымдастықтан одан әрі оқшаулайтын кез келген әрекетке алаңдайтынын айтты.

Сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс "Біз мұны тиімсіз деп есептейміз. Бұл Газада атысты тоқтатуға апаратын жол емес. Одақтастардың санкциялары израильдік министрлерге бағытталған. Олар нағыз жауапты Хамасқа назар аударуы керек", - деді.

Брюс Ұлыбритания, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және Норвегияның Израиль Қаржы министрі Бецалель Смотрич пен Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирге саяхатқа тыйым салу және активтерін тоқтатуға байланысты мәлімдемесіне наразылық білдірді.

Бес елдің Сыртқы істер министрлері сейсенбі күнгі бірлескен мәлімдемеде «Бен-Гвир мен Смотрич зорлық-зомбылық жасады және палестиналықтардың адам құқықтарына елеулі түрде нұқсан келтірді», - деді. «Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Сондықтан біз қазір жауапқа тарту үшін шара қолдандық», - деп қосты.

Нетаньяхудың коалициялық үкіметінің басты тұлғалары Смотрич пен Бен-Гвир Газа секторындағы соғысқа қатысты қатал ұстанымдары және басып алынған Батыс Шериядағы заңсыз еврей қоныстары туралы мәлімдемелері үшін сынға ұшырады.

Батыс Шериядағы бір елді мекенде тұратын Смотрич заңсыз қоныстардың кеңеюін қолдайды және Палестина жерін аннексиялауға шақырады. Ол өткен ай Газаның толығымен жойылатынын және бейбіт тұрғындардың үшінші әлем елдеріне көптеп қоныс аударатынын айтты.

Бен-Гвир Газадағы палестиналықтарды қоршаудағы аймақтан эвакуациялауға шақырған болатын.

Газаға гуманитарлық көмек көрсету қоры

Брюс одақтастарды Израиль басып алған аумақтарда АҚШ бастаған Газа гуманитарлық көмек қоры арқылы көмек таратуды қолдауға шақырды.

«Егер біздің одақтастарымыз көмектескісі келсе, олар арнайы елші (Стив) Уиткоффтың келіссөздерін қолдауға және Газа гуманитарлық қорына азық-түлік пен көмек көрсетуге назар аударуы керек», - деді Брюс.

Көмек бағдарламасы басталғаннан бері Израиль күштері көмек орталықтарынан азық-түлік алуға келген 130-дан астам палестиналықты өлтірді. 1000-ға жуық адам жараланды, кемінде тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті.

АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакабидің АҚШ бұдан былай тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды көздемейтіні туралы мәлімдемелеріне қатысты Брюс: «Мен елші Хаккабидің жасаған немесе жасамаған мәлімдемесі туралы пікірталас туындатқым келмейді», - деді.

«Bloomberg News»-ке берген сұқбатында Хакаби «Палестина мемлекеттілігі АҚШ саясатының мақсаты ма?» деген сұраққа «Мен олай ойламаймын» деді. Арканзас штатының бұрынғы губернаторы және Израильді қолдайтын консерватор Хакабиді президент Дональд Трамп Израильге елші етіп тағайындаған болатын.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us