САЯСАТ
2 минут оқу
Нетаньяху үкіметі құлауы мүмкін
Израильдің оппозициялық партиялары Израиль парламенті Кнессетті тарату туралы заң жобасына ультра православиелік партиялардың қолдауын алуға тырысуда.
Нетаньяху үкіметі құлауы мүмкін
/ AA
12 Маусым 2025

Израиль парламенті (Кнессет) оппозициялық партиялар ұсынған парламентті тарату туралы заң жобасына дауыс беруге дайындалып жатыр.

Оппозициялық партиялар сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Кнессетті тарату туралы заң жобасын ұсыну шешімі бірауыздан қабылданды және барлық топтар үшін міндетті», - деді.

Сондай-ақ мәлімдемеде «Барлық топты үйлестіру арқылы оппозициялық заңдарды күн тәртібінен алып тастау және барлық күш-жігерді бір мақсатқа яғни үкіметті құлатуға бағыттау туралы шешім қабылданды», - делінген.

Заң жобасын қолдаушылар Кнессетті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін ультра православиелік партиялардың қолдауына ие болуға тырысуда.

Оппозиция 120 орындық Кнессетте жеті орынға ие Біріккен Тора иудаизм блогының қолдауына ие.

Алайда Кнессеттегі 11 орынға ие Шас партиясының заң жобасын қолдап, қолдамайтындығы әзірге белгісіз.

Израильдің «Chanel13» телеарнасы «Премьер-министр Беньямин Нетаньяху Хареди еврейлерін міндетті әскери қызметтен босататын заңды қабылдамағаны үшін Шас партиясы Кнессетті таратуға дауыс береді» деп болжады.

Қазіргі уақытта үкімет коалициясы парламентте 68 орынға ие және билікте қалу үшін кемінде 61 орын қажет.

Ультра православиелік қауым 2024 жылдың 25 маусымында Жоғарғы соттың міндетті әскери қызмет жүктеген және бұл шешімді сынайтын діни мекемелерге қаржылық қолдау көрсетуге тыйым салған үкімінен кейін міндетті әскери қызметке қарсы наразылықтарын жалғастыруда.

Харедилер 10 миллиондық Израиль халқының шамамен 13 пайызын құрайды. Діни негізде әскери қызметке қарсы шыққан олар Таурат бойынша еңбек олардың басты міндеті екенін және зайырлы қоғамға бейімделу олардың діни болмысы мен әлеуметтік тұтастығына қауіп төндіретінін алға тартуда.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us