Гарвард университетіне бөлінетін 60 миллион долларлық грант тоқтатылды
АҚШ-тың Денсаулық сақтау департаменті «антисемиттік қудалау мен кемсітушілікпен күресу жеткіліксіз» деген себеппен Гарвард университетіне бөлінетін 60 миллион долларлық грантты тоқтатты.
Гарвард университетіне бөлінетін 60 миллион долларлық грант тоқтатылды
/ Reuters
9 сағат бұрын

АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті антисемиттік қудалау мен нәсілдік кемсітушілікке қарсы шара қолданбағанын сылтау етіп, Гарвард университетінің 60 миллион доллар көлеміндегі федералдық гранттын алып тастағанын хабарлады.

Департаменттің «X» платформасындағы мәлімдемесінде «Гарвард университетінің антисемиттік қудалау мен нәсілдік кемсітушілікке қарсы шара қолданбауының салдарынан жалпы сомасы шамамен 60 миллион долларды құрайтын көпжылдық грант беруді тоқтатамыз», - делінген. Сондай-ақ «Трамп әкімшілігі кезінде кампуста кемсітушілікке ешқашан жол берілмейді. Федералдық қаржыландыру барлық студенттерді қорғайтын институттарды қолдауы керек» делінген.

Соңғы апталарда Трамп әкімшілігі Гарвардқа қарсы әрекетін күшейтті. Трамп әкімшілігі университеттің 9 миллиард долларға жуық федералды қаржыландыруын қайта қарауға, университетті кейбір Палестинаны қолдайтын топтарға және наразылық шерулерінде қолданылатын бетперделерге қарсы шара қолдануға шақырды. Сондай-ақ Гарвардтан шетелдік байланыстары туралы жан-жақты ақпарат беруін талап етті, әйтпесе университеттің салықтан босатылған мәртебесін және шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігін алып тастаймын деп қорқытты.

Сәуір айының басында университет Трамптың талаптарын «сөз бостандығы мен академиялық еркіндікке шабуыл» деп сипаттап, қабылдамады. 2,3 миллиард долларға жуық федералды қаржыландыруды тоқтатқаны үшін Трамп әкімшілігін сотқа берді.

Тізімдегі университттер

Палестинаны қолдайтын наразылықтар мен басқа да мәселелерге байланысты АҚШ университеттеріне қысымды күшейткен Трамп әкімшілігі беделді университетке бақылауын арттырды.

Колумбия университетінен басталған қысқартулар арқылы Трамп әкімшілігі 400 миллион доллар федералды қаржыландыруды қайтарып алды. Ақырында университет қысымға мойынсұнып, кампус саясатына өзгерістер енгізді.

Кейінірек Трамп Палестинаны қолдайтын наразылықтарға рұқсат бергені үшін Корнелл университеті мен «Northwestern» университетінің федералды қаржыландыруын тоқтатты.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us