Сирия Президенті Ахмед Әл-Шара бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Израильдің өңір тұрақтылығын бұзу бағытындағы жоспарлары сыртқы араағайындардың араласуы және мемлекеттің өз күш-жігері арқасында тоқтатылғанын айтты.
Теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Шара: «Біз соғыстан қорқатын халық емеспіз. Өмірімізді қиындықтарға қарсы тұрып, халқымызды қорғаумен өткізіп келеміз. Алайда біз сириялықтардың мүдделерін хаос пен қираудан жоғары қойдық», – деді.
Шара сондай-ақ Израильдің бейбіт тұрғындар мен мемлекеттік мекемелерге бағытталған агрессиясына қарамастан, мемлекеттің тұрақтылықты қалпына келтіру және заңсыз топтарды өңірден аластау жолындағы әрекеттері сәтті болғанын айтып, «АҚШ, араб және түрік араағайындарының дәнекерлігінсіз өңірді белгісіз тағдырдан құтқара алмас едік» деп атап өтті.
Израиль әскері сәрсенбі күні дүрзі қоғамын қорғауды сылтауратып, ел астанасы Дамаскіге, сондай-ақ Сувейда мен Дераа қалаларына әуе соққы енгізген еді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шабуылдарда 30-дан астам адам қаза тауып, шамамен 100 адам жараланған.