Ресейдің қиыр шығысында 7,4 балдық жер сілкінісі болды
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласынан 111 шақырым шығысқа қарай 39,5 шақырым тереңдікте болды.
Ресейдің қиыр шығысында 7,4 балдық жер сілкінісі болды
/ AA
бір күн бұрын

“Ресейдің қиыр шығысындағы Камчатка жағалауында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды”, деп хабарлады АҚШ Геологиялық қызметі (USGS).

“Сенбі күні болған бұл жер сілкінісі Камчатка аймағының әкімшілік орталығы Петропавловск-Камчатский қаласынан 111 шақырым шығыста, 39,5 шақырым тереңдікте тіркелді”, деп мәлімдеді USGS.

Тынық мұхиты цунами ескерту орталығы эпицентрдің 300 шақырым қашықтығындағы Ресей жағалауында "қауіпті" толқындардың болуы мүмкін екенін ескертті.

USGS бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасын 7,5 деп білдіріп, кейін оны төмендетті.

Шілде айында Камчатка түбегінде тіркелген ең күшті жер сілкіністерінің бірі Тынық мұхитында биіктігі 4 метрге дейін жеткен цунами тудырып, Гавайиден Жапонияға дейін эвакуация шараларын жүргізуге себеп бол.ған еді.

8,8 баллдық бұл жер сілкінісі 2011 жылдан бергі жер сілкіністерінің ең ірісі болды. Сол жылы Жапония жағалауында 9,1 баллдық жер сілкінісі болып, 15 000-нан астам адамның өмірін қиған цунамиге әкелген еді.

Шілде айындағы жер сілкінісі Жапония билігін екі миллионға жуық адамды қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр етті.

Сол кезде аймақта цунами туралы ескертулер жарияланды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us