ТҮРКИЯ
2 минут оқу
Ердоған: «Газадағы геноцидке үнсіз қалған – қылмысқа ортақ»
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Стамбулда өткен Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Ердоған: «Газадағы геноцидке үнсіз қалған – қылмысқа ортақ»
/ AA
13 сағат бұрын

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Стамбулда өткен Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің (IDEF) ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Израильдің Газадағы палестиналық халыққа қарсы жасап отырған «нацистерден әлдеқайда асып түсетін геноцидін» бүкіл адамзаттың күн тәртібінде қалатынын айтты.

«Мақсатымыз – тез арада атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу. Газаға гуманитарлық көмектердің кіруіне рұқсат берілуі – тағы бір басымдығымыз», – деген Ердоған «Газаға гуманитарлық көмек жіберуге рұқсат берілмегендіктен аштықтан қажыған балалардың қайғысы – біздің де қайғымыз», – деп қосты.

Ол сөзін былай жалғастырды: «Күн сайын ондаған бейкүнә жанның бір үзім нан, бір жұтым су таппай жан тапсыруына адамгершілігі бар ешбір жан шыдай алмайды. Аштықтан жаппай қырылу басталған бұл қаралы күндерде мен бүкіл халықаралық қауымдастықты адамгершілік майданына бірігуге шақырамын.»

Сондай-ақ Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталып, елдің «эмбарго, қосарлы стандарттар мен дипломатиялық қысымдарды» еңсеріп, бүгінгі таңда әлемдік нарыққа өз мөрін басқан жаһандық күшке айналғанын мәлімдеді.

Ердоған: «Қорғаныс өнеркәсібіміздегі отандық өнім үлесі бүгінде 80 пайыздан асты»

Сейсенбі күні басталған алты күндік көрме Түркия Президенті, Ұлттық қорғаныс министрлігі, Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы және Түрік Қарулы Күштерін Күшейту Қорының үйлестіруімен ұйымдастырылуда.

Биыл он жетінші рет өткізіліп отырған көрме Стамбул көрме орталығы, Ататүрік әуежайы, Wow қонақ үйі және Атакөй кемежайында қатар өткізілуде.

Көрмеде брондалған ұрыс машиналары, тактикалық броньды көліктер, ұшқышсыз құрлық, әуе және теңіз аппараттары, қару жүйелері, зымырандар, алыс қашықтыққа арналған танкке қарсы зымыран жүйелері, жаяу әскер қарулары, әскери тренажерлер, радиоэлектрондық күрес шешімдері, күш қондырғылары және жарылғыш заттарды залалсыздандыру жабдықтары қойылған.

Көптеген қатысушының қызығушылығын тудыруы күтілетін көрме аясында бірқатар қол қою рәсімдері де ұйымдастырылады.

Алдыңғы көрме 2023 жылғы шілде айында тағы да Стамбулда өткен болатын.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us