Президент Режеп Тайып Ердоған жақында Индонезияға 48 «KAAN» жойғыш ұшағы сатылатынын мәлімдеді. Бұл келісім тек тарихи келісім ғана емес, Түркияның қорғаныс өнеркәсібі жолындағы бетбұрыс кезеңі.
Келісім Түркияның озық және соғысқа дайын технологияларды жеткізу қабілетіне халықаралық сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді.
Президент Ердоған ресми әлеуметтік медиа аккаунтындағы жазбасында «Досымыз және бауырымыз Индонезиямен қол қойған келісім аясында Түркияда 48 «KAAN» өндіріліп, Индонезияға экспортталады. Индонезияның жергілікті мүмкіндіктері «KAAN» өндірісінде де қолданылады», - деді.
Екі ел арасындағы бірқатар жоғары деңгейдегі дипломатиялық сапардан кейін жасалған бұл келісім түрік қорғаныс өнімдерін қол жетімді балама ретінде ғана емес, сенімді және технологиялық тұрғыдан дамыған активтер ретінде қабылдауда айтарлықтай өзгерісті білдіреді.
Президент Ердоған «Отандық және ұлттық қорғаныс өнеркәсібіміздің жетістігін айқын көрсететін бұл келісім Түркия мен Индонезия үшін қайырлы болсын. Келісімге қол қойылуына үлкен үлес қосқан қадірлі әріптесім, Индонезия Президенті Прабово Субиантоға алғысымды білдіремін. «KAAN» ұшағын өндірген Қорғаныс өнеркәсібі басқармасын, Түркияның аэроғарыш өнеркәсібін (TUSAŞ) және Түркия тарихындағы бұл рекордтық экспорттық келісімге қол қоюда еңбегі сіңген барлық ұйымымызды құттықтаймын», – деді.
Әлемдік сұранысқа ие жойғыш ұшақ
«KAAN» бесінші буын жойғыш ұшақ ретінде түрік авиациялық техникасының шыңына шықты.
Ол озық маневрлік қабілетімен, төмен радарлық қолтаңбасымен және жасанды интеллектпен жабдықталған авионикасымен жаңа буын платформасы ретінде ерекшеленеді.
Әуе және жер операцияларында жоғары белсенділікке арналған «KAAN» Түркияның қорғаныс технологияларындағы стратегиялық мақсатын көрсетеді.
«KAAN»-ның жетістігі негізінде Түрік аэроғарыш өнеркәсібіне тиесілі. Компанияның бас директоры Мехмет Демироглу ұшақтың құрылымдық дамуы мен өнімділігінің жол картасы өсіп келе жатқан сұранысты қалай арттыратынын баяндады.
Демироглу «TRT World» арнасына «KAAN біздің мақтанышымыз, тек «TUSAŞ»-тың ғана емес, бүкіл Түркияның мақтанышы, өте жақсы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта екі прототип құрастырылуда. Біреуін осы жылдың соңында, екіншісін келесі жылдың басында аяқтап, ұшыра бастаймыз. Біз келесі жылы 4 ұшақпен өте маңызды ұшу науқанын бастаймыз», - деді.
Бас директор Түрік әуе күштеріне толық көлемде жеткізілімдерді 2028 жылдың аяғында немесе 2029 жылдың басында бастау жоспарланып отырғанын атап өтті.
«TUSAŞ» 2034 жылға қарай 500 бірлік шығаруды мақсат етеді, бұл халықаралық сұраныс пен платформаның болашағына деген институционалдық сенімді көрсетеді. «KAAN» - авиациялық инженериядағы ұлттық трансформацияның тәжі», - деді Демироглу.
Компанияның жол картасына тоқталған ол «TUSAŞ» өткен жылы шамамен 3 миллиард доллар болған айналымын 2025 жылы 4,3 миллиард долларға дейін ұлғайту мақсатында жаңа нарыққа шығып жатқанын айтты.
Компанияның қазір шамамен 16 000 қызметкері бар АҚШ, Еуропа және Азияда жұмыс істейді. «Біз «Boeing», «Airbus» және «Spirit Aerosystems» сияқты жаһандық авиация көшбасшыларымен тығыз жұмыс істейміз және 400-ден астам озық өндіріс жүйелеріне қолдау көрсетеміз», - деп қосты Демироглу.
Сенімді арттырған «TF35000» қозғалтқышы
Бесінші буын жойғыш ұшағы жаһандық сенімге ие болуы үшін оның қозғалу жүйесі де нысанаға сәйкес болуы керек. Бұл жерде «TEI»-дің «TF35000» қозғалтқышының орны бөлек.
«TUSAŞ» Мотор қозғалтқышы өндірісінің (TEI) бас директоры Махмут Акшит «TRT World» арнасына берген сұхбатында қозғалтқыштың маңыздылығы туралы баяндады. «KAAN» тек ұшақ ретінде ғана емес, толығымен отандық жүйе ретінде де дамып келеді. «TRMOTOR»-мен бірге ұшақтың жүрегі «TF35000» қозғалтқышын толығымен отандық құралдармен дамытып жатырмыз», -деді Акшит.
Қозғалтқыштың дизайны, теңіз деңгейіндегі 35 000 фунт күші, энергия тиімділігі және бесінші буын соғыс қажеттіліктеріне бейімделген бірегей дизайнда жасалады.
«TF35000 тек қозғалтқыш жобасы емес. Ол жоғары температура материалдарынан сынақ инфрақұрылымына дейін, өндірістік қуаттан инженерлік жетістіктерге дейін ұлттық экожүйенің құрылысы», - деді Акшит.
«TF35000» қозғалтқышы Индонезияға жөнелтілетін 48 дана «KAAN» ұшағының мүмкіндектерін күшейтеді.
«Осылайша біз тек бесінші буын жойғыш ұшағын экспорттап қана қоймай, сонымен қатар Түркия әзірлеп, шығарған ең күрделі және маңызды құрамдас бөлікті экспорттаймыз. Бұл технологиялық тәуелсіздікке бағытталған трансформациялық қадам», - деді Акшит.
«KAAN»-ның стратегиялық сигнал ретінде маңыздылығы
Қорғаныс сарапшысы Арда Мевлүтоглу «KAAN»-ды жаһандық сенімді өнім ететін элементтерді бағалады.
«KAAN» - әлі сынақ сатысында тұрған бесінші буын жойғыш ұшағы. Ол 2030-шы жылдардың басында толық операциялық қызметке кіріседі деп күтілуде. Аяқталғаннан кейін ол Түрік әуе күштерінің тірегі болады», - деді Мевлүтоглу «TRT World» арнасына.
«Индонезиямен жасалған келісім мықты сигнал. Бұл келісім Түркияның авиация саласына артып келе жатқан сенімді көрсетеді», - деп қосты Мевлүтоглу.
Прототиптен қуат симфолына дейін
«KAAN»-ның 2024 жылдың ақпанындағы алғашқы рейсі технологиялық бетбұрыс болды. Оның атауын президент Ердоған 2023 жылы «Болашақ ғасыры» іс-шарасында жариялады және содан бері Түркия үшін жаңа қорғаныс дәуірінің символына айналды.
Президент Ердоған «Қорғаныс келісіміне ғана емес, тәуелсіз авиация державасының пайда болғанына куә болып отырмыз»,- деді.
Соғыс ұшақтарынан ұшқышсыз ұшатын көліктерге, ұлттық өндіріс желілерінен жаһандық ұшыру платформаларына дейін Түркия енді тек қару-жарақ шығармайды, ол президент Ердоған атап өткендей «егемен авиация державасын» құруда.