Ақ Үй: Трамп Израильдің Сирия мен Газадағы шіркеуге жасаған шабуылдарына “таңғалды”
АҚШ Президенті Дональд Трамптың Израиль күштерінің Сирияға және Газадағы католик шіркеуіне жасаған шабуылдарынан кейін Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қоңырау шалды.
Ақ Үй: Трамп Израильдің Сирия мен Газадағы шіркеуге жасаған шабуылдарына “таңғалды”
/ Reuters
13 сағат бұрын


АҚШ Президенті Дональд Трамптың Израиль күштерінің Сирияға және Газадағы
католик шіркеуіне жасаған шабуылдарынан кейін Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қоңырау шалып, бұл зорлық-зомбылық әрекеттеріне алаңдаушылық білдіргені хабарланды.

Ақ Үй АҚШ Президенті Дональд Трамптың Израильдің Сирия мен Газадағы әскери операцияларына, әсіресе католик шіркеуіне бағытталған әуе шабуылына қатысты “таң қалғанын” мәлімдеді.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левит дүйсенбі күні журналистерге берген мәлімдемесінде Трамптың екі жағдайда да Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен жағдайды талқылау үшін дереу байланысқа шыққанын айтты.

Левит: «Президент Сириядағы бомбалау мен Газадағы Католик шіркеуінің шабуылға ұшырауына байланысты таңқалғанын білдірді», – деді.

Ол сондай-ақ: «Екі жағдайда да Президент жағдайды реттеу мақсатында жедел түрде Премьер-министрге қоңырау шалды», – деп қосты.

Левит Трамптың Газадағы зорлық-зомбылықты ұзаққа созылған және барған сайын ушығып бара жатқан жағдай ретінде бағалағанын жеткізді.

Газадағы өлім-жітімнің көбеюіне назар аудара отырып, ол: «Мұндай жағдайдың болуын ешқашан қаламайды», – деді.

Баспасөз хатшысы: «Президент қантөгістің тоқтауын, бұл аймақта бітім орнауын және Газадағы барлық тұтқындардың босатылуын қалайды», – деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемелер өзін үнемі Израильдің берік одақтасы ретінде көрсететін Президент Трамптың Израиль шабуылдарына қатысты сирек жағдайда білдірген ашық наразылығы ретінде ерекше назар аудартады.

Соңғы апталарда Израильдің Сириядағы агрессивті әрекеттері мен Газадағы ушыққан гуманитарлық жағдайы халықаралық қауымдастықтың күшейіп келе жатқан сынына ұшырауда.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us