Түркияның «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесі синхронды операциялар және жасанды интеллект (ЖИ) қолдауымен шешім қабылдау үдерістерін қолданып, толықтай отандық өнім платформалар және интеграцияланған жобалау стратегиясынан қалыптасты.
«SAHA» Стамбул қорғаныс кластері ұйымдастырған іс-шарада сөз сөйлеген Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Халук Гөргүн «Болат күмбез» жүйесі қауіпті ең алыс қашықтықтан анықтап, жоюға бағытталған қорғаныс тәсілімен әзірленгенін айтты.
Гөргүн бұл жүйенің «SİPER», «HİSAR A+» және «O+», «KORKUT» және «SUNGUR» сияқты әртүрлі қабатта әрекет ететін компоненттерді біртұтас басқару және бақылау жүйесінде біріктіретінін, ал бұл құрамдастар радар, электро-оптикалық сенсорлар, сигнал бұзушылар және лазерлік жүйелерді қамтитын кешенді құрылымда бірлесіп жұмыс істейтінін жеткізді.
«Болат күмбездің» командалық-басқару жүйесі жасанды интеллекттен көмек алады, бұл арқылы ең тиімді қарсы әрекет сценарийлері жасалып, тиісті бөлімдерге жеткізіледі.
Гөргүн сөзінде «Бұл құрылымның арқасында қауіп анықталған сәтте ең тиімді қарсы әрекет сценарийі жасалып, қажетті бөлімге уақытында жеткізіледі. Шешім қабылдауға көмекші жүйе шапшаңдық пен дәлдік тұрғысынан өте маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті. Сондай-ақ «Егер біз бұл жүйелердің барлығын әртүрлі елдерден сатып алатын болсақ, оларды бірге жұмыс істету үлкен инженерлік мәселе болар еді», – деді.
Гөргүн сондай-ақ Қорғаныс өнеркәсібінің алтыншы буын соғыс жағдайына арналған сенсорларды біріктіру тұжырымдамасын әзірлегенін, бұл тұжырымдама әрі адам басқаратын, әрі автономды жүйелердің үздіксіз әрі үйлесімді әрекеттесуіне мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл платформаға «KIZILELMA», «ANKA-3», «HÜRJET» және «KAAN» ұшқышсыз ұшу аппараттары кіреді.
Гөргүн сонымен бірге Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің экспортының жартысынан астамы НАТО мен ЕО елдеріне бағытталғанын және НАТО–Түркия қорғаныс қатынастарын басқару үшін ұйымда арнайы дирекция құрылғанын да айтты.