САЯСАТ
2 минут оқу
Колумбия университеті Палестинаны қолдаған шерулерге қатысқан ондаған студентке жаза қолданды
Университет студенттерге уақытша шеттету, оқудан шығару және дипломды жою сияқты түрлі шаралар қолданса, студенттер тобы университетті федералды билікпен бірлесіп оппозицияны басуға тырысты деп айыптады.
Колумбия университеті Палестинаны қолдаған шерулерге қатысқан ондаған студентке жаза қолданды
/ AP
23 Шілде 2025

Колумбия университеті биыл көктемде кампуста өткен Палестинаны қолдау акцияларына қатысқан ондаған студентке жаза қолданды.

Университет әкімшілігі мен бір студенттік ұйым растаған бұл жаза мамыр айында Батлер кітапханасында өткен наразылық және 2024 жылдың көктемгі семестрінде кампус аумағында тігілген шатырлы наразылық кезінде болған студенттік әрекеттерге байланысты берілді.

Қолданылған шараларға бақылаумен шартты жаза, бір жылдан үш жылға дейінгі шеттету, оқудан шығару және академиялық дәрежелерді жою секілді жаза түрлері енгізілді.

Колумбия университеті жазбаша мәлімдемесінде "Дамыған академиялық қауымдастық құру үшін бір-бірімізге және оқу орнының негізгі қызметіне, саясатына, ережелеріне құрмет көрсетілуі керек," – деп мәлімдеді.

"Академиялық қызметтің бұзылуы университет саясаты мен ережелерін бұзуды білдіреді және мұндай бұзушылықтардың міндетті түрде нәтижесі болады," – деп жазылған мәлімдемеде дисциплиналық процестердің әділ әрі мұқият жүргізілгені де атап өтілді.

Оқудан шығару

Университет жазаланған студенттердің нақты санын жарияламағанымен, «Columbia University Apartheid Divest» (CUAD) атты студенттік коалиция шамамен 80 студенттің жаза алғанын хабарлады.

CUAD мәлімдемесіне сәйкес, студенттерге дүйсенбі күні жаза туралы ресми хабарламалар табысталды. Уақытша шеттетілген студенттерге оқу орнына қайта оралу үшін ресми кешірім хатын ұсыну талап етілді.

Ұйым бұл талапты орындаудан бас тартқан студенттердің шеттетілуі "фактілік оқудан шығару" (de facto expulsion) ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертті.

CUAD бұл шараларды университет пен федералды билік арасындағы жасырын келісімнің бір бөлігі деп мәлімдеді. Айтуынша, Трамп әкімшілігінің университетке қатысты жүздеген миллион долларлық федералды қаржыландыруды тоқтату шешімінен кейін осындай келісім жасалған.

Студенттік ұйым мәлімдемесінде "Бұл шаралар – Колумбияның жуырда жариялайын деп отырған федералдық келісімінің бір бөлігі. Бұл келісімде Сионистік Жала жабуға қарсы лиганың (Anti-Defamation League) ресми серіктестігі және Израильге қарсы сын-ескертулерді антисемитизмге теңестіретін IHRA-ның антисемитизм анықтамасын қабылдау қарастырылған," – делінді.

Университеттерге қатаң шаралар

Колумбия университетінің студенттерге қолданған  жазалары Дональд Трамптың Палестинаны қолдайтын наразылықтар үшін АҚШ-тағы университеттерге шабуылын бастағаннан кейін енгізілді.

Трамп алғашқы қадам ретінде АҚШ университеттеріндегі Палестинаны қолдайтын наразылық толқынын бастап берген Колумбия университетіне 400 миллион доллар көлеміндегі федералдық қаржыны тоқтатты.

Ақыры университет бұл қысымға төтеп бере алмай, кампустағы наразылықтарға қатысты саясатын түбегейлі өзгертетінін мәлімдеді.

Кейіннен Трамп әкімшілігі Корнелл университеті мен Нортвестерн университетіне Палестинаны қолдайтын наразылықтарға жол бергені үшін бұл оқу орындарының федералдық қаржысын тоқтатты.

Ал Трамп әкімшілігімен үлкен қақтығысқа түскен Гарвард университеті шамамен 2,3 миллиард долларлық қаржының тоқтатылуына байланысты сотқа жүгінді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us