САЯСАТ
2 минут оқу
Трамп таяуда Си Цзиньпинмен кездесуі мүмкін екенін айтты
Жоспардан хабардар екі дереккөздің мәліметінше, Трамп пен Си Цзиньпиннің кеңесшілері алдағы айларда АҚШ президентінің Азия сапары кезінде қос көшбасшының кездесуі мүмкін екенін талқылаған.
Трамп таяуда Си Цзиньпинмен кездесуі мүмкін екенін айтты
/ Getty Images
23 Шілде 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп сауда мен қауіпсіздікке қатысты шиеленістер жалғасып жатқан кезеңде маңызды сапармен жақында Қытайға баруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Трамп сейсенбі күні Ақ Үйдегі кеңсесінде журналистерге: «Президент Си мені Қытайға шақырды, бұл сапарды таяуда жүзеге асырамыз», – деді.

«Сапар сәл кейінге жоспарланды, бірақ тым алыс емес. Көптеген кісі мені шақырды, жақын уақытта шешім  қабылдаймыз», - деп қосты ол.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша Трамп пен Си Цзиньпиннің кеңесшілері АҚШ президентінің алдағы айларға жоспарланған Азия сапары кезінде екі көшбасшының кездесу мүмкін екенін талқылаған.

Дереккөздерге сүйенсек, кездесу жоспары әлі нақты бекітілмеген, алайда Тынық мұхиты келіссөздері барысында Трамптың Оңтүстік Кореяда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті кезінде немесе 30 қазан мен 1 қараша аралығындағы іс-шара аясындағы кездесулер кезінде Қытайға сапар шегу ықтималдығы қарастырылған.

Трамптың тағы бір сапары Ресей президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланған 3 қыркүйекте Бейжіңде өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған еске алу шарасы.

Ақ Үй мен Қытай үкіметі «Reuters» агенттігінің хабарына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу жөніндегі мәлімдемесін Тынық мұхитындағы маңызды одақтас Филиппин президенті Фердинанд Маркоспен кездесу барысында жасады.

Ол Филиппинді Қытайдан алыстатқандарын айтты, алайда екі ел арасындағы қарым-қатынастың орнауына қарсылық білдірмейтінін де атап өтті.

Трамп соңғы аптада екіжақты тарифтермен артқан сауда соғысын тоқтатқаннан кейін Бейжіңмен шиеленісті азайтуға тырысты.

Шетелдік тауарлардың барлығына дерлік баж салығын енгізуге тырысатын Трамп бұл отандық өндірісті ынталандырады деп мәлімдеді, ал сыншылар америкалықтар үшін көптеген тауар қымбаттайды дейді.

Трамп барлық елден келетін өнімдерге 10%-дық  базалық тарифті ұсынды. Кейбір елдерден, атап айтқанда Қытайдан келетін импорт қазір ең жоғары тариф санатында 55%-ды құрайды.

Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы тұрақты тарифтік келісімге қол жеткізудің соңғы мерзімін 12 тамызға белгіледі.

Екі ел арасындағы даулы мәселелерге Қытайдың Ресейге қолдауы, фентанилге байланысты химиялық заттардың саудасы, аймақтық қауіпсіздік мәселелері және кейбір америкалықтардың елден шығуына тыйым салуы жатады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us