САЯСАТ
2 минут оқу
Трамп Ресейден мұнай сатып алатын Қытай, Үндістан және Бразилияға кедендік салық енгізеді
АҚШ сенаторы Ресей Президенті Путиннің Украинадағы соғысын қолдайтын және Ресей мұнайының шамамен 80 пайызын сатып алатын үш ел — Қытай, Үндістан және Бразилияның жуық арада жазаланатынын ескертті.
Трамп Ресейден мұнай сатып алатын Қытай, Үндістан және Бразилияға кедендік салық енгізеді
/ AFP
21 сағат бұрын

АҚШ сенаторы Линдси Грэм Қытай, Үндістан және Бразилияның Ресейден мұнай сатып алуды жалғастырып отырғаны үшін жақын арада белгілі бір жазаға тап болатынын айтты.

Жексенбі күні «Fox News» арнасына берген сұхбатында, Дональд Трамптың одақтасы саналатын Грэм былай деді: «Путин, сенің кезегің келді. Дональд Трамп — АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатындағы Скотти Шеффлер іспетті тұлға және сенің көзіңді жойғалы отыр».

Грэм Ресей мұнайының шамамен 80 пайызын сатып алып отырған үш ел Украинадағы соғысқа жанама түрде қолдау көрсетіп отырғаны үшін жақын арада жазаланатынын атап өтті. «Былай болады: Трамп Ресей мұнайын сатып алатын Қытай, Үндістан және Бразилияға кедендік салық енгізеді. Бұл үш ел арзан орыс мұнайының шамамен 80 пайызын сатып алып отыр. Бұл — Путиннің соғыс машинасын тірі ұстап тұрған басты фактор. Трамп бұл елдерге 100 пайыздық кедендік тариф салады және Путинге көмектескені үшін оларды жазалайды», — деді Грэм.

Грэм сондай-ақ бұл үш елдің алдағы уақытта экономикалық таңдау жасауға мәжбүр болатынын мәлімдеді. «Қытай, Үндістан және Бразилия — Америка экономикасы мен Путинге қолдау көрсету арасында таңдау жасауы керек болады. Және менің ойымша, олар Американы таңдайды», — деді ол.

Өткен аптада Ақ Үйде Трамппен кездескеннен кейін НАТО Бас хатшысы Марк Рютте де Бразилия, Қытай және Үндістан сияқты елдерге ескерту жасап, Ресеймен сауда қатынасын жалғастырған жағдайда АҚШ-тың екінші санкциясына ұшырауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Рютте осы  елдердің басшыларына Путинге ықпал етіп, бейбіт келіссөздерге келуге мәжбүрлеу туралы үндеу тастаған еді. «Владимир Путинге хабарласыңыздар және оған бейбіт келіссөздерге байыппен қарау керектігін айтыңыздар. Әйтпесе бұл жағдай Бразилия, Үндістан мен Қытайға өте ауыр салдарын тигізеді», — деп мәлімдеді Рютте.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us