САЯСАТ
1 минут оқу
«Келіссөзден бұрын құнақы туралы келісіп алу керек»
Уиткоффтың келіссөзді қайта бастау ұсынысынан кейін Иранның бас келіссөз жүргізушісі АҚШ-тың Иранға сенім арттыратын шаралар қолдануы керектігін айтты.
«Келіссөзден бұрын құнақы туралы келісіп алу керек»
/ Reuters
31 Шілде 2025

«Financial Times» газеті  Иран Сыртқы істер министріне сілтеме жасап, «АҚШ өткен айдағы соғыс кезінде Иранға келтірілген шығындарды өтеуге келісуі керек», деп хабарлады.

Тегеранда «Financial Times»-қа берген сұхбатында «Олар бізге келіссөздің ортасында неге шабуыл жасағанын түсіндіруі керек және болашақ келіссөз барысында мұндай жағдай қайталанбайтынына кепілдік беруі тиіс», – деді Аббас Аракчи.

Басылымның мәліметінше, Аракчи мен АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф соғыс кезінде және одан кейін бір-бірімен хабар алмасқан. Иран өкілі америкалық әріптесіне ядролық бағдарламаға қатысты ұзаққа созылған дағдарысты аяқтау үшін «екі жаққа да тиімді шешім» табу қажеттігін баса айтқан.

«Иранның бас ядролық келіссөз жүргізушісі бұл шешімнің қаржылық өтемақыны қамтуы тиіс екенін, бірақ нақты мәлімет бермегенін және келіссөздер кезінде Иранға қайта шабуыл жасалмайтынына кепілдік қажет екенін атап өтті», деп хабарлады «Financial Times”

Өткен ай АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған болатын. Вашингтон бұл нысандар ядролық қару жасауға бағытталған бағдарламаға қатысы бар деп мәлімдеді.

Тегеран өз кезегінде ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттарға бағытталғанын және қару әзірлеумен айналыспайтынын алға тартты.

Ақ Үй мен АҚШ Мемлекеттік департаменті «Reuters» агенттігінің түсініктеме беру туралы өтінішіне жауап бермеді.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us