Иран уран байытудан бас тартпайтынын мәлімдеді
Иранның Сыртқы істер министрі ядролық нысандарға айтарлықтай зиян келгенін растап, уранды байыту ұлттық мақтаныш  екеніне тоқталды. Ал Трамп АҚШ «қажет болған жағдайда» тағы да соққы беретінін мәлімдеді.
Иран уран байытудан бас тартпайтынын мәлімдеді
/ AA
19 сағат бұрын

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың әуе шабуылдарының ауыр зардаптарына қарамастан Тегеран ядролық бағдарламадан бас тартпайтынын мәлімдеді. Ол уранды байыту ұлттық мақтаныш екеніне тоқталды.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында: «Иә, келтірілген залал ауыр, сондықтан уран байыту әзірге тоқтатылды», - деді.

«Шындығына келер болсақ, біз уран байытудан бас тарта алмаймыз, өйткені бұл ғалымдарымыздың жетістігі», - деп қосты ол.

Аракчи болашақта жасалатын кез келген ядролық келісім Иранның уран байыту құқығын қамтуы керектігін айтты.

Аракчидің мәлімдемелері АҚШ-тың 22 маусымда үш ядролық нысанға, соның ішінде жерасты Фордо нысанына жасалған әуе шабуылынан бірнеше апта өткен соң жасалды. Бұл шабуыл Израильдің Иранмен 12 күндік соғысына жауап болатын.

Аракчи нысандардың «зақымдалғанын» мойындап, Иранның ядролық бағдарламасының өзгеріссіз қалғанын баса айтты. «Технология осында. Біздің ядролық бағдарламамыз, уран байыту бағдарламамыз бомбалау арқылы жойылмайды», - деді ол.

«Қажет болған жағдайда шабуыл жасалады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Аракчидің мәлімдемесіне «Truth Social» платформасы арқылы жауап берді. «Бұрын айтқанымдай, қажет болса қайталаймыз!» деп жазды ол.

Кейінгі жазбасында Трамп «CNN» телеарнасын «АҚШ барлау қызметінің шабуылдары Иранның ядролық бағдарламасын бірнеше айға ғана кешіктіруі мүмкін» деген мәліметтеріне сілтеме жасағаны үшін сынады. Президент «CNN» басшылығын тілшіні жұмыстан шығаруға шақырды.

Сондай-ақ Аракчи Иранның Атом энергиясы ұйымының әлі де ядролық материал мен нысандарға келтірілген зиянның көлемін есептеп жатқанын растады. Алайда ол байытылған уранның қазіргі жағдайын нақтыламады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us