Еуроодақтың жоғары өкілі: «Газада гуманитарлық көмек іздеген адамдарды өлтіруді ақтауға болмайды»
Израиль барлық шекара өткелдерін жапқаннан кейін азық-түлік, жанармай және медициналық көмек тоқтатылып, Газа ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың бірін бастан өткеруде. Аштық күн сайын артуда.
Еуроодақтың жоғары өкілі: «Газада гуманитарлық көмек іздеген адамдарды өлтіруді ақтауға болмайды»
/ AA
13 сағат бұрын

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Газада көмек сұраған бейбіт тұрғындардың өлтірілуін «ақтауға болмайтын жағдай» деп сипаттады.

Каджа Каллас «X» платформасындағы мәлімдемесінде Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлескенін хабарлап, «Мен Израиль қорғаныс күштерінің көмек тарату нүктелерінде адамдарды өлтіруді тоқтатуы керек екенін түсіндірдім»,- деді.

«Егер Израиль өз міндеттемелерін орындамаса, барлық мүмкіндіктер қарастырылады», - деп қосты Каллас.

Газа өз тарихындағы ең ауыр гуманитарлық апаттардың бірін бастан кешуде. Израиль күштері 2 наурызда барлық шекара өткелдерін жауып, азық-түлік, жанар-жағармай және медициналық көмек ағынын тоқтатқаннан кейін аштық тез тарала бастады.  

Әсіресе балалар мен созылмалы ауруы бар науқастар арасында дұрыс тамақтанбау салдарынан  ауру ушығуда.

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 59 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.

Израиль шабуылдарын жалғастырып, Газа секторының көп бөлігін қирандыға айналдырды және бүкіл халықты көшірді.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен сол кездегі қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарды.

Израиль Палестинаға жүргізген аяусыз соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us