САЯСАТ
2 минут оқу
Газадағы «гуманитарлық көмек қаласы» деп аталатын жер – «концлагерь» деді
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт Нетаньяху үкіметінің Газа секторындағы Рафах қаласында жоспарлап отырған «гуманитарлық көмек қаласы» жобасын концлагерьге теңеп, оны жүзеге асыру этникалық тазалаумен тең болатынын айтты.
Газадағы «гуманитарлық көмек қаласы» деп аталатын жер – «концлагерь» деді
Эхуд Олмерт / Reuters
11 сағат бұрын

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт Нетаньяху үкіметінің Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласында жоспарлап отырған «гуманитарлық көмек қаласы» жобасын сынап, оны «концлагерьге» теңеді.

Жексенбі күні «The Guardian» газетіне берген сұхбатында ол бұл жоспар жүзеге асса, «этникалық тазарту» болатынын атап өтіп, былай деп қосты: «Егер (палестиналықтар) жаңа «гуманитарлық көмек қаласына» депортацияланатын болса, мұны этникалық тазалаудың бір бөлігі деп айтуға болады”

Ольмерт сондай-ақ мұндай «гуманитарлық көмек қаласын» салу палестиналықтарға көмектесудің орнына Газадан күштеп қоныс аударуға әкелетінін айтты.

 «Гуманитарлық көмек қаласы»?

 Атысты тоқтату келісімі жасалған жағдайда да, Израильдің Рафахты бақылауда ұстауды көздейтінін білдірген Израиль Қорғаныс министрі Израиль Катц палестиналықтарды басқа елдерге депортациялау мақсатында әскерилерге аймақта «гуманитарлық көмек қаласы» деп аталатын қала салуды тапсырғанын білдірді.

Катц бұл қалаға кіргеннен кейін адамдарға аймақтан шығуға рұқсат берілмейтінін айтты. Ол палестиналықтардың алдымен тексерілетінін және бастапқы мақсаттың 600 000 адамды көшіру екенін білдірді.

Катцтың айтуынша, мақсат - барлық палестиналықты «халықаралық ұйымдар басқаратын және Израиль армиясы қорғайтын» аймақта жинау.

Израиль ақпарат құралдары да премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың 5 шілдеде үкімет отырысында Рафахта «гуманитарлық көмек қаласы» деп аталатын қала құруға бұйрық бергенін хабарлады.

Хамаспен атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілсе де, Израильдің Мораг пен Филадельфия дәліздерінің арасында орналасқан Рафахтан шегінбейтіні айтылды.

Газадағы палестиналықтарды басқа елдерге депортациялау идеясын алдымен АҚШ президенті Дональд Трамп көтеріп, кейін Израиль де қабылдады. Нетаньяху бұл жоспарды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатқандарын бірнеше рет мәлімдеді.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us