Сирия мен Сауд Арабиясы алғаш рет инвестициялық форум өткізді
Форум -  Сирияда Асад режимі құлап, саяси өтпелі кезең басталғаннан кейін ұйымдастырылған екі ел арасындағы алғашқы ірі экономикалық іс-шара.
Сирия мен Сауд Арабиясы алғаш рет инвестициялық форум өткізді
/ AP
24 Шілде 2025


Сирия мен Сауд Арабиясы бейсенбі күні экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Дамаскіде алғашқы бірлескен инвестициялық форумын бастады. Форум аясында жалпы құны 6,4 миллиард долларды құрайтын ондаған келісімге қол қойылады.

Дамаскідегі президент сарайында өткен форум Сирия президенті Ахмед Шара мен Сауд Арабиясының инвестиция министрі Халид әл-Фалихтің төрағалығымен және саудиялық делегацияның қатысуымен ашылды.

Іс-шарада сөз сөйлеген әл-Фалих екі тараптың жалпы құны 24 миллиард сауд риалына (шамамен 6,4 миллиард доллар) тең 47 келісім мен меморандумға қол қоятынын мәлімдеді.

Бұл келісімдер өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және киберқауіпсіздік сияқты кең ауқымды салаларды қамтиды.

Сондай-ақ әл-Фалих Сауд Арабиясында орналасқан “Bayt Al-Ibaa” компаниясы Хомс қаласында маңызды коммерциялық жобаны дамыту үшін ірі келісімге қол қоятынын айтты.

Жобадан түсетін табыстың Сириядағы қауымдастықтарды қолдауға бағытталатынын айтқан әл-Фалих форум аясында жалпы құны 4 миллиард риалға (шамамен 1,66 миллиард доллар) тең киберқауіпсіздік келісімдеріне де қол қойылатынын хабарлады.

Сирияның мемлекеттік ақпарат агенттігі «SANA»-ның хабарына қарағанда бұл келісімдер Сирияның 14 уәлаятында 50 000 жұмыс орнын құруға көмектеседі.

әл-Мустафа сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында: “Бұл келісімдер елдің барлық аймағын және барлық салаларын қамтиды. Елдің белгілі бір бөлігімен шектелмейді,” — деді.

Форум Дамаск пен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастың Сириядағы саяси өзгерістерден кейін біртіндеп жақсара бастағанын көрсететін маңызды бетбұрыс ретінде бағаланып отыр.

2024 жылдың соңында Башар Асад режимінің құлағаннан кейін Сирияның жаңа билігі экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырып, аймақтық және халықаралық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қадамдар басуда.

Шамамен 25 жыл бойы елді басқарған Асад желтоқсан айында Ресейге қашып кеткен болатын.  Осылайша 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясының режимі аяқталды. Ал қаңтар айында Ахмед Шараның жетекшілігімен жаңа өтпелі үкімет құрылды.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us