Сирия Асад дәуіріндегі қылмыстарды шешу үшін комиссия құрды
Жаңа әділет комиссиясы Асад режимі кезінде жасалған ауыр құқық бұзушылықтарды зерттеп, қылмыскерлердің жауапқа тартылуын қамдайтын болады.
Сирия Асад дәуіріндегі қылмыстарды шешу үшін комиссия құрды
/ Reuters
18 Мамыр 2025

Сирия әділет және жоғалған адамдар мәселелері бойынша арнайы комиссия құруды жоспарлап отыр. Бұл комиссиялар Асад билігі кезінде жасалған қылмыстарды зерттеп, құрбандарға өтемақы төлеу және әлі күнге дейін белгісіз жағдайда жоғалған мыңдаған адамды табу міндетін атқарады.

Сирияның 13 жылға созылған азаматтық соғысы жүз мыңдаған адамның өмірін қиды, олардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар. БҰҰ мен адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, 100 мыңнан астам адам жоғалып кеткен.

Елдің диктаторы Башар Асад былтыр 11 күндік шабуыл барысында көтерілісшілер тарапынан биліктен шеттетілді. Бұл оқиғаны көптеген сириялық қуанышпен қабылданды, бірақ олар бұрынғы режим кезінде болған зорлық-зомбылықтар үшін жауапкершілікке тартуды талап етуде. Бұған қоса, атышулы түрме жүйесінде болған азаптаулар да назарда тұр.

“Reuters” агенттігіне берген мәлімдемеде президент әкімшілігі “Ұлттық уақытша әділет комиссиясының міндеті – бұрынғы режим жасаған ауыр құқық бұзушылықтарды ашу және кінәлілерді жауапқа тарту" деп хабарлады.

Мәлімдемеде комиссияның Сирия соғысына қатысқан басқа тараптардың, мысалы ДАИШ жасаған құқық бұзушылықтарды зерттеу және шешу міндеті бар-жоғы айтылмады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us