Соңғы тәулікте кемінде 448 кісі денге безгегі инфекциясымен ауруханаға жатқызылып, биылғы жалпы науқас саны 24 183-ке жеткен.
Маса арқылы таралатын денге безгегі салдарынан Бангладеште биыл 101 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жуырда тағы үш өлім тіркелді.
Бас денсаулық сақтау басқармасы жексенбі күнгі мәлімдемесінде екі адамның Дакка оңтүстік қалалық муниципалитетінде, бір адамның елдің оңтүстік-шығысындағы Читтагонг аймағында денге безгегінен қайтыс болғанын хабарлады.
Жалпы алғанда 45 адам Оңтүстік Дакка, 11 адам Солтүстік Дакка, ал 17 адам Читтагонг аймағында індеттен қайтыс болған.
Соңғы 24 сағат ішінде 448 науқас ауруханаларға жатқызылып, биылғы жалпы науқас саны 24 183-ке жеткен.
22 708 адам ауруханалардан шығарылғаны және науқастардың 39,3 пайызы әйелдер екені хабарланды.
Қазіргі таңда ең көп денге безгегі науқасы елдің оңтүстік-шығысындағы Брисал аймағында тіркелуде. Соңғы 24 сағатта бұл аймақта 95 науқас ауруханаға жатқызылған.
Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылы Бангладеште денге безгегінен 1 705 өлім мен 321 179 науқас тіркеген.