ЭКОНОМИКА
1 минут оқу
Трамп «Coca-Cola» компаниясы АҚШ-тағы сусындарында қамыс қанты қолданатынын мәлімдеді
АҚШ Президенті «Coca-Cola» компаниясы жоғары фруктозалы жүгері шәрбатының орнына қамыс қанты қолдануға келіскенін мәлімдеді. Бұл қадамды денсаулық сақтау саласының жақтаушылары көптен бері қолдап келеді.
Трамп «Coca-Cola» компаниясы АҚШ-тағы сусындарында қамыс қанты қолданатынын мәлімдеді
/ Reuters
12 сағат бұрын

АҚШ Президенті Дональд Трамп «Truth Social» платформасында: “Coca-Cola» компаниясымен АҚШ-та өндірілетін өнімдерінде шын қамыс қанты қолдануы жөнінде сөйлестім, олар бұл ұсыныспен келісті... Бұл әлдеқайда жақсы!" – деп жазды.

Президент бұл шешімге нақты не себеп болғанын түсіндірмеді. Алайда бұл өзгеріс Трамптың сүйікті сусыны диеталық колаға әсер етпейді.

«Coca-Cola» бұл құрам өзгерісін ресми түрде растаған жоқ, бірақ компания "Президент Трамптың біздің аңызға айналған «Coca-Cola» брендіне деген қызығушылығын жоғары бағалаймыз. «Coca-Cola» өнімдерінің жаңа инновациялық нұсқалары туралы жақын арада қосымша ақпарат жарияланатын болады", – деп мәлімдеді.

Трамптың сүйікті сусыны «Diet Coke» құрамында жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатерлі ісікке қарсы зерттеу бөлімі “онкологиялық әсері болуы мүмкін" деп сипаттаған аспартам атты тәттілендіргіш бар.

Сусын құрамындағы өзгеріс жүгері басты ауылшаруашылық дақылы саналатын және Трампқа айтарлықтай қолдау көрсеткен АҚШ-тың орта батыс штаттарында саяси шиеленістерге себеп болуы мүмкін.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us