САЯСАТ
1 Мин оқу
Берлинде мыңдаған адам Израильдің геноцидіне қарсы митингке шықты
Наразылық білдірушілер 'қырып жою соғысын' доғаруды талап етіп, Германияны Израильге қару жеткізуді тоқтатуға шақырды.
Берлинде мыңдаған адам Израильдің геноцидіне қарсы митингке шықты
Берлинде 20 000-нан астам адам Газадағы Израиль геноцидіне қарсы митинг өткізді / AA
5 сағат бұрын

Берлинде 20 мыңнан астам адам Газа секторындағы Израильдің геноцидіне наразылық білдіру үшін жиналды.

«Газадағы геноцидті тоқтатыңдар» атты шарада сенбі күні сөз сөйлегендер Палестина аймағындағы Израильдің әскери шабуылына қарсылықтарын білдірді.

“Pink Floyd” группасының бұрынғы әншісі Роджер Уотерс жиналғандарға жіберген бейнехабарламасында «Біз бүгін осында Палестинадағы бауырларымызды қолдау үшін жиналдық. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қарапайым адамдардың басым көпшілігі Израильдің жасап жатқан сұмдық қылмыстарын тоқтатуды талап етуде. Бұл тек Газада ғана емес, басып алынған Палестинаның басқа да аймақтарында болып жатыр», – деді.

Израильдің геноцидтік соғысы

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газадағы геноцидтік соғысында кемінде 64,803 палестиналық қаза тапты.

Солшыл-популистік “BSW” партиясының жетекшісі Сахра Вагенкнехт Германияның нацистік тарихына байланысты «оңшыл экстремистік (Израиль) үкіметті сөзсіз қолдау» деген қорытынды жасауға болмайтынын атап өтті.

“Керісінше, дұрыс сабақ – өз дауысыңды шығару. Германия тек бақылаушы емес, «қылмысқа серіктес»- деді ол. Сонымен бірге ол “Канцлер Фридрих Мерц Израильге қару-жарақ жіберу арқылы халықаралық құқықты «таптап жатыр», – деді.

Палестина туын көтерген наразылық білдірушілер Германияның Израильге қару-жарақ жеткізуін тоқтатуын талап етті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us