Тунис елінің Бизерта портынан Газаға бағыт алған “Global Sumud” флотилиясының алғашқы қайығы жолға шықты. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады.
Ұйымдастырушылар сенбі күні “Global Sumud” флотилиясының алғашқы қайығы Тунистен шығып, Газаға бағыт алды,” деп хабарлап, қайықтың видеосын жариялады.
Белсенділер мен журналистер Газаға бағыт алған алғашқы қайықтың жолға шығу сәтін түсіріп, Израильдің қоршауын бұзып, қоршауда қалған аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуді мақсат еткендерін айтты.
Газаға бағытталған флотилия құрамында 50-ге жуық қайық бар, оларда 45-тен астам елден жиналған 500-700 белсенді, соның ішінде өнер қайраткерлері, парламент мүшелері және танымал саяси тұлғалар бар.
Бұл керуен осы уақытқа дейінгі ең ірі бастама болып табылады, себебі бұған дейінгі әрекеттер тек бір кемемен жүзеге асырылып, Израиль теңізде оларды тоқтатқан болатын.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл әрекеттің мақсаты – қоршауды бұзып, Газа халқына гуманитарлық көмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліз ашу. Израильдің бірнеше ай бойы көмекке тыйым салуы салдарынан Газа халқы аштық жағдайында өмір сүруде.