САЯСАТ
2 Мин оқу
"Израильдің шабуылдары бейбітшілік іздеген кез келген елге қауіп төндіреді"
Шейх Мұхаммед БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Дохаға жасалған шабуылдың Газа келіссөздерін бұзу және арағайындық әрекеттерді әлсірету мақсатында жасалғанын айтты.
"Израильдің шабуылдары бейбітшілік іздеген кез келген елге қауіп төндіреді"
БҰҰ штаб-пәтеріндегі Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы / Reuters
12 Қыркүйек 2025

“Израильдің шабуылдары тек Катарды ғана емес, бейбітшілік орнатуға тырысатын кез келген елді нысанаға алады”, -деп мәлімдеді Катар премьер-министрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде. Ол осы аптада Дохаға жасалған шабуылды Газа келіссөздерін бұзуға бағытталған ашық әрекет деп айыптады.

«Мұндай шабуылдардың жалғасуы тек Катарды ғана нысанаға алмайды. Бұл бейбітшілік орнатуға тырысатын кез келген елге қауіп төндіреді және Біріккен Ұлттар Ұйымына деген сенімді әлсіретеді», – деді Шейх Мұхаммед бин Абдулрахман бин Жасим Әл-Тани.

Ол «Бұл шабуыл Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып табылатын мемлекеттің егемендігін бұзу болып табылады. Бұл бейбітшілікті қолдайтын мемлекеттердің өркениетті қозғалысына жат әрекет», – деді.

Шабуыл кезінде ХАМАС тойтарыс тобының бес мүшесі мен бір катарлық қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Бұл делегация АҚШ қолдаған атысты тоқтату ұсынысын талқылап жатқан еді.

Шейх Мұхаммед бұл шабуыл Израильдің «аймақты күшпен қайта құруға тырысып жатқанын» және өз әрекеттерін ақтау үшін «фундаменталистік идеяларға» сүйенетінін айқын көрсеткенін айтты.

Ол «Біз осындай шабуыл жасаған Израиль өкілдерін қалай қабылдаймыз? Сіздер араағайынға осындай шабуыл жасаған мемлекет туралы естідіңіздер ме?» – деп сұрады.

Араағайындықта табандылық

Катар басшысы Доханың араағайындыққа және дауларды бейбіт жолмен шешуге адал екенін атап өтті, бірақ өз қауіпсіздігіне қауіп төндіруге жол бермейтінін ескертті.

Ол Израиль басшылығын «қанқұмар экстремистер» деп айыптап, олардың «жазасыздыққа сенетінін» және Газа халқын қырып-жою арқылы аймақты тұрақсыздандырып жатқанын айтты.

Бейбітшілікке қол жеткізу үшін, оның айтуынша, атысты дереу тоқтату, тұтқындарды босату, Газаға гуманитарлық көмек көрсету және екі мемлекет шешімін жүзеге асыру қажет.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us