«Үнсіз қырғын»
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта кем дегенде 18 адамның аштықтан өлгенін мәлімдеп, Газа шекара өткелдерін тез арада қайта ашуға шақырды.
«Үнсіз қырғын»
/ Reuters
11 сағат бұрын

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 2023 жылдың қазан айынан бері қоршаудағы Газаға гуманитарлық көмекке тосқауыл қою салдарынан кем дегенде 86 палестиналықтың, оның ішінде 76 баланың қайтыс болғанын хабарлады.

Министрліктің жексенбі күнгі жазбаша мәлімдемесінде «Газада аштық пен дұрыс тамақтанбау салдарынан 86 адам, оның ішінде 76 бала қайтыс болды» делінген.

Мәлімдемеде аймақтағы гуманитарлық дағдарысты «үнсіз қырғын» деп сипаттап, гуманитарлық жағдайдың нашарлауына Израиль мен халықаралық қауымдастықтың жауапты екені баса айтылды.

Министрлік Газада соңғы 24 сағатта кем дегенде 18 адамның аштықтан өлгенін хабарлап, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің кіруіне рұқсат беру үшін шекара бекеттерін дереу ашуға шақырды.

Израиль 2 наурыздан бері Газамен шекаралас барлық өткелдерді жауып, гуманитарлық көмекке қол жеткізуге кедергі келтіріп, аштықтың ушығуына себеп болған.

Израильдің Газадағы геноциді

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 59 мыңға жуық палестиналық қаза тапты.Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның хабарлауынша, 11 мыңға жуық палестиналық қиранды астында қалған.

Сарапшылардың пікірінше, Газа шенеуніктері жариялаған мәліметтер ақиқатқа сай емес, құрбандардың саны 200 мыңға жетуі мүмкін.

Израиль шабуылдарын жалғастырып, Газа секторының көп бөлігін қирандыға айналдырды және бүкіл халықты көшірді.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен сол кездегі қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарды.

Израиль Палестинаға жүргізген аяусыз соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us