САЯСАТ
1 минут оқу
Израиль палестиналықтарды белгіленген аймақтарға ығыстыруды жоспарлап отыр
Израиль армиясы Газа секторындағы бақылауын кеңейтіп, ХАМАС-пен байланысы бар инфрақұрылымды жоямыз деді.
Израиль палестиналықтарды белгіленген аймақтарға ығыстыруды жоспарлап отыр
/ Reuters
27 Мамыр 2025

Израиль армиясы алдағы екі айда Газаның үштен екі бөлігін бақылауға алу үшін шабуылды күшейтуде. Бұл жоспар 2 миллионға жуық палестиналықты қоршаудағы аймақтың төрттен бір бөлігіне ығыстыруды көздейді. Бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарының әртүрлі хабарламалары мен ресми мәлімдемелерге негізделген.

Жақында өткен жоғары деңгейдегі брифингте жан-жақты талқыланған жоспарға сәйкес Израиль күштері шілде айына дейін Палестинаның Газа жағалауының шамамен 75% яғни жалпы ауданы 365 шаршы километрдің 275 шаршы шақырымын басып алуды көздеуде. Қалған Палестина халқы белгіленген үш аймаққа ығыстырылады. Олар солтүстіктегі Газа қаласы, Газаның орталығындағы босқындар лагері және оңтүстігіндегі Масауи аймағы.

Израиль шенеуніктері «Бұл операцияның мақсаты Хамастың инфрақұрылымын жою және кепілге алынғандарды құтқару» деп мәлімдеді. Бірақ адам құқықтарын қорғаушылар «Шабуыл бейбіт тұрғындарды жаңа қасіретке итермелеп, қоныс аударуды айтарлықтай арттырады» деп ескертеді.

Израиль армиясы наурыз айында атысты тоқтату келісімінен кейін басталған шабуылдар арқылы аймақ территориясының 40%-ға жуығын басып алды.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху «Telegram» желісінде жарияланған видеода үкіметтің қатаң ұстанымын қуаттап, Израиль күштерінің айтарлықтай жетістікке жеткенін айтты. Нетаньяху Израильдің соғысы ХАМАС жеңілгенше жалғаса беретінін айтып, «Аймақты толықтай бақылауға аламыз», - деді. Бірақ сыншылар Израиль бірнеше ай бойы бомбалау мен операцияларға қарамастан ХАМАС-ты жеңе алмағанын атап өтіп, Израильдің мақсаттарына күмәнмен қарады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us