6,8 миллион «WhatsApp» аккаунты алаяқтыққа байланысты бұғатталды
«Meta» компаниясы пайдаланушыларды ақша немесе жеке мәліметтер талап ететін бейтаныс адамдарға қарсы сақ болуға шақырды.
6,8 миллион «WhatsApp» аккаунты алаяқтыққа байланысты бұғатталды
/ Reuters
6 Тамыз 2025

«Meta» компаниясы 2025 жылдың алғашқы жартысында алаяқтық әрекеттерімен байланысы бар 6,8 миллионнан астам «WhatsApp» аккаунттын бұғаттағанын мәлімдеді.

Компания сейсенбі күні жасаған жазбаша мәлімдемесінде «Пайдаланушыларды алаяқтықтан қорғауға бағытталған шаралар аясында «WhatsApp» алаяқтық орталықтарымен байланысы бар 6,8 миллионнан астам аккаунтты анықтап, бұғаттадық», - деді.

«Meta» компаниясы зерттеу нәтижесі мен күшейтілген бақылау шараларының арқасында бұл аккаунттардың көпшілігі пайдалануға берілмей тұрып-ақ бұғатталғанын атап өтті.

Компания алаяқтықпен айналысатын орталықтардың  бір уақытта бірнеше схеманы әсіресе криптовалютаға байланысты алаяқтық пен қаржылық пирамида сияқты әрекеттерді қатар жүргізетінін хабарлады.

Сондай-ақ компания «Уәде етілген табыс үшін алдын ала төлем талап ету – жиі кездесетін алаяқтық белгісі», -  деп ескертті.

Қауіпсіздік кеңестері

Платформа енді пайдаланушыларды телефон кітапшасына тіркелмеген адамдар тарапынан топқа қосқан кезде пайда болатын «топтық чат қауіпсіздігінің қысқаша мазмұны» атты жаңа мүмкіндікті іске қосты.

Мәлімдемеде бұл мүмкіндіктің топ туралы мәліметтер мен қауіпсіздікке қатысты кеңестер ұсынатыны, сондай-ақ пайдаланушыларға чатты ашпай-ақ топтан бірден шығуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Сонымен қатар пайдаланушы топта қалуды таңдағанға дейін топтың хабарландырулары дыбыссыз режимде болатыны да хабарланды.

«Meta» компаниясы алаяқтардың көбінесе жеңіл жолмен ақша табу, жалған инвестициялық ұсыныстар немесе қарыз бойынша қорқыту сияқты тактикаларды қолданатынын ескертті.

Мәлімдемеде әсіресе ақша немесе жеке ақпарат талап ететін бейтаныс адамдардан келетін хабарламаларға пайдаланушылардың абай болулары маңызды екені баса айтылды.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us