САЯСАТ
2 минут оқу
Израиль Газа секторына тауар жеткізуді жеңілдететінін мәлімдеді
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 27 мамырдан бері гуманитарлық көмек алуға келген кемінде 1 516 адам Израиль шабуылынан қаза тауып, 10 067 адам жарақат алған.
Израиль Газа секторына тауар жеткізуді жеңілдететінін мәлімдеді
/ AP
5 Тамыз 2025

Израиль министрлер кабинеті жеке сектор арқылы Газаға тауарлардың бақылаумен кіруіне мүмкіндік беретін жоспарды бекітті.

Газаға қарсы блокаданы жүзеге асырып отырған Израильдің әскери агенттігі «COGAT» сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Бұл жоспар Газаға жеткізілетін гуманитарлық көмектің көлемін арттыруды және БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың көмек тарату шараларына тәуелділікті азайтуды мақсат етеді»,- деді.

Мәлімдемеде жаңа жоспар аясында шектеулі саудагерлерге рұқсат берілгені атап өтілді. Бұл қадам Газа секторындағы 2,4 миллион халықты ашаршылыққа жеткізген Израильдің блокадасы кезінде жасалды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қазан айынан бері кемінде 180 адам аштық пен дұрыс тамақтанбау салдарынан көз жұмған. Олардың 93-і бала.  

Газа секторындағы Палестина үкіметінің медиа кеңсесі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Израиль 27 шілдеден бері небәрі 674 гуманитарлық жүк көлігіне кіруге рұқсат бергенін хабарлады. Бұл аймақтың күнделікті ең төменгі қажеттілігі болған 600 жүк көлігінің тек 14 пайызына сәйкес келеді.

Нәтижесіз

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 27 мамырдан бері гуманитарлық көмек алуға келген кемінде 1 516 адам Израиль шабуылынан қаза тауып, 10 067 адам жарақат алған.
Израиль ұсынған гуманитарлық көмек жоспары тиімсіз деп танылып, аштықтан зардап шегіп жатқан бейбіт тұрғындар үшін «өлім тұзағы» болғандықтан үлкен сынға ұшырады.

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 61 мың палестиналық қаза тапты. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.

Израиль шабуылдарын жалғастырып, Газа секторының көп бөлігін қирандыға айналдырды және бүкіл халықты көшірді.

Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен сол кездегі қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер шығарды.

Израиль Палестинаға жүргізген аяусыз соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us