Ресей: «Иерусалимдегі заңсыз қоныстанушылар дипломаттарымызға шабуыл жасады»
Ресей Сыртқы істер министрлігі Израиль әскери қызметкерлері шабуылға көз жұмып, тоқтату үшін ешқандай әрекет жасамағанын мәлімдеді.
Ресей: «Иерусалимдегі заңсыз қоныстанушылар дипломаттарымызға шабуыл жасады»
/ Reuters
6 Тамыз 2025

Ресей басып алынған Палестинада заңсыз израильдік қоныстанушылар тобы тарапынан дипломаттарына шабуыл жасалғанын растады.

Сыртқы істер министрлігі 30 шілде күні Иерусалим маңындағы Гивъат-Асаф деп аталатын израильдіктер заңсыз қоныстанған аймақ маңында Палестина Ұлттық әкімшілігіне бет алған дипломатиялық нөмірлі қызметтік көлікке шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Көлікте Израиль Сыртқы істер министрлігіне аккредиттелген қызметкерлер болған. Шабуыл оларды тасымалдау кезінде жүзеге асқан.

Мәлімдемеде «Көлікке механикалық зақым келген және шабуыл кезінде қоныстанушылар Ресей дипломаттарын қорқытқан», – делінген.

Министрлік оқиға кезінде Израиль әскери қызметкерлерінің шабуылдаушылардың агрессивті әрекеттерін алдын алу үшін ешқандай шара қолданбағанын атап өтті. Бұл шабуылды «алаңдатарлық және мүлде қабылданбайтын жағдай» деп сипаттады.

Мәлімдемеде «Біз бұл оқиғаны 1961 жылы қабылданған Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының өрескел бұзылуы ретінде бағалаймыз. Бұл конвенция басқа да мәселелермен қатар қабылдаушы мемлекетті шетелдік дипломаттардың мүлкіне қол сұқпау қағидатын сақтауға, құрмет көрсетуге және олардың жеке басына, еркіндігіне немесе қадір-қасиетіне жасалатын кез келген шабуылдың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттейді», – делінген.

Министрлік сондай-ақ Ресейдің Израильдегі елшілігі арқылы Израиль билігіне ресми наразылық нотасы жолданғанын атап өтіп, «Израиль тарапы бұл жағдайдан қорытынды шығарады деп үміттенеміз»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресейдің Израильдегі елшілігінің Израиль билігіне ресми наразылық нотасын жолдағанын мәлімдеді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us