САЯСАТ
2 Мин оқу
Полиция Оңтүстік Корея Президентіне «бүлік» айыбы бойынша тергеу бастады
Оңтүстік Корея полициясы оппозицияның шағымы бойынша президенттік иммунитеттен тыс қаралатын және өлім жазасын талап ететін «бүлік» айыбына қатысты Юнға қарсы тергеу бастағанын жариялады.
Полиция Оңтүстік Корея Президентіне «бүлік» айыбы бойынша тергеу бастады
/ AP
7 Наурыз 2025

Оңтүстік Корея полициясы президент Юн Сок Ёльдің төтенше жағдай енгізгені үшін «бүлік» жасады деген айыппен тергеу басталғанын хабарлады. Ұлттық полиция агенттігіне қарасты Ұлттық тергеу орталығының басшысы У Чжон Су бейсенбі күні парламент мүшелеріне жасаған мәлімдемесінде «Оқиға бойынша іс қозғалды» деп мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бүкіл әлемде шок тудырған төтенше жағдай енгізілгеннен кейін де билікте қалуға тырысуда. Оның партиясы қызметтен босату туралы шешімге қарсы шығатынын мәлімдеді.

Юн сейсенбі кешінде азаматтық басқаруды тоқтатып, парламентке әскерилер мен тікұшақтар жіберді, бірақ парламент мүшелері бұл шараны қабылдамай, наразылықтар мен шиеленісті оқиғаларға толы түнде оны шегінуге мәжбүр етті.

Оппозиция тез арада импичмент туралы ұсыныс енгізіп, Юнның «конституция мен заңды өрескел бұзғанын» мәлімдеді.

“Yonhap” ақпарат агенттігінің хабарлауынша бұл ұсыныс бойынша дауыс беру сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 19:00-деөтеді.

 «Экономикаға шектеулі әсер»

Оңтүстік Корея төтенше жағдай енгізілгеннен кейін белгісіздік кезеңіне кіргенде бейсенбі күні Сеулде акциялар құлдырауын жалғастырды, алайда вон тұрақтылығын сақтады.

Азияның үшінші ірі экономикасы өсуді қалпына келтіруге тырысып жатқанда келесі айда Дональд Трамптың билікке келуімен оның қатаң сауда саясатын қайта бастауы мүмкін деген алаңдаушылық артып отыр.

Алайда сарапшылар оптимизмге себеп болатын кейбір белгілерді байқап отыр.

«Біздің оң деп санайтынымыз – төтенше жағдай туралы шешімнің тез арада жойылуы, бұл Оңтүстік Корея институттарының төзімділігін көрсетеді», – деп мәлімдеді “Fitch Solutions” тобына қарасты “BMI” талдаушылары.

«Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Орталық банкі мен Қаржы министрлігі инвесторларды сендіру үшін тез арада әрекет еткендіктен экономикалық және қаржылық нарықтарға әсерінің шектеулі болатынын күтеміз».

«Әсіресе орталық банк қысқамерзімді қаржылық өтімділікті арттыру және валюта нарықтарын тұрақтандыру шараларын енгізуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл қазіргі уақытта Оңтүстік Корея воны айналасындағы тәуекелдердің бақылауда болатыны туралы біздің пікірімізге сәйкес келеді».

Алғашқы сауда барысында Сеулдің «Kospi” индексі 0,3%-ға төмендеді, бұл сәрсенбі күні 1%-дан астам құлдыраумен жабылғанына қарамастан бастапқы құлдыраудың қалпына келтірілген нұсқасы болды.

Ал вон дағдарыс басталғанға дейінгі деңгейден сәл көтеріліп, доллармен салыстырғанда шамамен 1 415 деңгейінде тұрақтады. Вон дағдарыс басталған кезде шамамен 3%-ға төмендеген болатын.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us