Израиль шенеунігі: «Егер Хамас қаруын тастамаса, соғыс жалғасады»
Израильдік бір шенеунік Тель-Авив үкіметі ХАМАС-тан қаруын тастауын талап ететін атысты тұрақты тоқтату ұсынысын қарастыратынын айтты.
Израиль шенеунігі: «Егер Хамас қаруын тастамаса, соғыс жалғасады»
/ Reuters
10 Шілде 2025

Израильдің жоғары лауазымды шенеунігі Израиль мен ХАМАС бір-екі аптаның ішінде Газада атысты тоқтату және тұтқындарды ауыстыру туралы келісімге қол жеткізе алатынын, бірақ мұндай келісім бір күнде болмайтынын мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Вашингтонға сапары кезінде мәлімдеме жасаған ресми өкіл сәрсенбі күні тараптар ұсынылған 60 күндік атысты тоқтату келісімін қабылдаса, Израиль сол аралықта Палестина тойтарыс тобынан қарусыздануды талап ететін атысты түбегейлі тоқтату келісімін ұсынатынын айтты.

Аты-жөнін атамаған шенеунік «Егер ХАМАС бұл ұсынысты қабылдамаса, біз қырғынды жалғастырамыз»,- деді.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға Газа секторында атысты тоқтату келісімін қабылдауға қысым жасаған кезде жасалды.

Израиль оппозициясының жетекшісі Яир Лапид премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды Газаның оңтүстігіндегі «Мораг» дәлізін күн тәртібіне әкеліп, атысты тоқтату келісіміне қол жеткізуге кедергі ретінде көрсеткені үшін қатаң сынға алды.

Яир Лапид «KAN» мемлекеттік хабар тарату корпорациясының радиосына берген сұхбатында: «Нетаньяху келісімге кедергі жасап жатыр. «Мораг» дәлізі кенеттен біздің өміріміздің жаңа іргетасына айналды ма?», - деді.

Израиль геноциді

Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында геноцид жүргізіп келеді.
Палестиналық дереккөздер 57 500-ден астам палестиналықтың қаза тапқанын, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар екенін хабарлады.

Палестинаның «WAFA» ресми ақпарат агенттігінің мәліметінше, шамамен
11  000 палестиналық үйінді астында қалған.

Алайда сарапшылар нақты өлім саны Газа билігі жариялаған көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін дейді. Бұл көрсеткіш 200 000-ға жуық деген болжам бар.

Израиль қоршауда қалған Газа секторының ауқымды бөлігін қиратып, бүкіл халықты босқынға айналдырды.

Сондай-ақ Израиль Газаға гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойып,
БҰҰ-ның көмек көрсету әрекеттерін тоқтату үшін құрылып, «өлім тұзағы» деп сипатталған АҚШ қолдайтын көмек тобына рұқсат берді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us