ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
Корей соғысында қаза тапқан түрік әскерлерінің сүйектері 70 жылдан кейін Түркияға оралды
Түркияның Оңтүстік Кореядағы елшісі сүйектердің біреуінің түрік жауынгеріне тиесілі екендігіне толық көз жеткізілгенін, ал қалған үшеуіне жасалған генетикалық және басқа да зерттеулер нәтижесінде Анадолы аймағынан шыққаны анықталғанын мәлімдеді.
Корей соғысында қаза тапқан түрік әскерлерінің сүйектері 70 жылдан кейін Түркияға оралды
16 Тамыз 2025

Түркияның Оңтүстік Кореядағы елшісі Мұрат Тамер 1950–1953 жылдары болған Корей соғысында қаза тапқан төрт түрік әскерінің сүйектері Түркияға қайтарылғанын мәлімдеді.

Түркияның Оңтүстік Кореядағы елшісі Мұрат Тамер Анадолы агенттігіне берген сұхбатында, АҚШ пен Солтүстік Корея арасында 2011 жылы жасалған келісім аясында соғыс кезінде түріктер ең ауыр шығынға ұшыраған Кунури аймағында жүргізілген қазба жұмыстары барысында көптеген сүйек пен соғысқа қатысты жәдігерлер табылғанын атап өтті.

Солтүстік Кореядағы бұл аймақ соғыстың ең ауыр шайқастары өткен жер. Түркия Корей соғысына төрт бригада яғни жалпы саны 21 212 жауынгермен қатысып, соғысқа ең көп әскер жіберген төртінші ел болды. Сондай-ақ осы соғыста ең көп шығынға ұшыраған үшінші ел болды. 16 ел қатысқан соғыста Түркияның шамамен 900-ге жуық әскері шейіт болған немесе хабарсыз кеткен.

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы БҰҰ-ның Мемориалды зиратына соғыста қаза тапқан 462 түрік әскері жерленген.

Тамердің айтуынша, табылған төрт жауынгердің сүйектері зерттеліп, сәйкестендіру жұмыстары жүргізілу үшін АҚШ-тың Гавайи штатындағы ғылыми орталыққа жіберілген және онда генетикалық зерттеулер жасалған. Нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында сүйектерге жабысып қалған мата қалдықтарына дейін егжей-тегжейлі талдаулар жүргізіліп, олардың сол кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы қолбасшылығы құрамында соғысқан қай елдің әскеріне тиесілі болуы мүмкін екендігі анықталған.

Алайда зерттеу жұмыстары Ковид-19 індетіне байланысты кешіктірілді. Елші жан-жақты талдаулардан кейін сүйектердің бірінің 100% түрік әскеріне тиесілі екені анықталған, ал қалған үшеуінің генетикалық және өзге де зерттеулер нәтижесінде Анадолыдан шыққаны белгілі болған. Ол сондай-ақ әрбір жауынгерге қатысты егжей-тегжейлі кітапшалар дайындалғанын айтты.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігіне қарасты Қаза тапқандарды іздеу және олардың тұлғасын анықтау агенттігі (MAKRI) мен Түркияның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің Әскери атташелігінің ұйымдастыруымен төрт шейіттің сүйектері Гавайидағы АҚШ базасынан арнайы ұшақпен Оңтүстік Кореядағы Осан АҚШ әскери базасына жеткізілген. Елші жеткізу рәсімі кезінде сүйектердің түрік туымен өздеріне және Кореяның ресми өкілдеріне табысталғанын мәлімдеді.

Рәсімге қатысқан БҰҰ-ның әскери өкілдері соғыстан кейін алғаш рет шетелдік жауынгерлердің сүйектері өз еліне қайтарылғанын айтты. Тамер түпкілікті нәтиже алу үшін қаза тапқандардың отбасыларынан ДНҚ сынамалары алынғанын және Түркиядағы әртүрлі мекеменің қатысуымен арнайы коммисия құрылғанын мәлімдеді. Ол осы комиссиядан алынған деректер мұнда табылған сүйектермен салыстырылып, жауынгерлердің кім екендігі анықталатынын атап өтті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us