Түркиядан шыққан «Қайырымдылық кемесі» Суданға жетті
Судандағы гуманитарлық дағдарыс ушыққан кезеңде 1600 тоннадан астам көмек тиелген түрік гуманитарлық көмек кемесі Порт-Суданға жетіп, маңызды қолдау көрсетті.
Түркиядан шыққан «Қайырымдылық кемесі» Суданға жетті
/ AA
6 Мамыр 2025

«Екінші Қайырымдылық кемесі» деп аталатын бұл кеме Адам құқықтары мен бостандықтары гуманитарлық көмек қоры (IHH)  тарапынан жіберілді. Кеме 1605 тонна азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық материалдар мен баспана жабдықтарын жеткізді.

Дүйсенбі күні кемені Түркияның Судандағы елшісі Фатих Йылдыз, IHH Басқарма мүшесі Мехмет Энес Арыкан, Судан гуманитарлық көмек комиссары Селва Адем және жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен ресми рәсіммен қарсы алды.

Елші Йылдыз Анадолы агенттігіне берген сұқбатында «Бұл - Түркияның қақтығыс басталғалы бері жіберген төртінші гуманитарлық көмек кемесі. Олардың екеуін Түркияның Апат және төтенше жағдайларды басқару төрағалығы (AFAD) ұйымдастырды және бұл IHH-нің екінші кемесі», - деді.

Йылдыз бұл миссияның символдық және практикалық маңыздылығын атап өтіп, Судан астанасында қауіпсіздік жағдайының жақсарғаны туралы хабар алғанын атап өтті.

«Мұндай кеменің келуі біз үшін ғана емес, Судан халқы үшін де моральдық серпіліс. Хартум азат етіліп жатқан уақытта біздің ынтымақтастығымыз бұрынғыдан да маңыздырақ», - деді ол.

Судан халқын қолдауға ұзақ мерзімді міндеттемелерін қайталаған Арыкан қазіргі дағдарыстың 2023 жылдың 15 сәуірінде қарсылас әскери топтар арасындағы күшті қақтығыстардың басталуымен жалғасқанын атап өтті.

«Біз жұмысымызды «Қайырымдылық - біздің жетекшіміз, Судан - біздің бағытымыз» ұранымен жалғастырамыз. Жергілікті билік пен гуманитарлық серіктестермен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға көмекті жеткіземіз», - деді Арыкан.

Судандағы қақтығыстардан зардап шеккен аудандарға, қоныс аударғандарға, азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген және негізгі қызметтерге қол жетімділігі шектеулі қауымдастықтарға жақын күндері көмек жеткізіледі деп күтілуде.

Судандағы жағдай

Жартылай әскерилендірілген күштердің үкіметтің билік орталығына шабуылдауының үшінші күні Порт-Суданда жарылыс дауыстары естілді.

2023 жылдың 15 сәуірінен бастап әскерилендірілген Жедел қолдау күштері Суданды бақылау үшін армиямен соғысуда. Бұл қақтығыс мыңдаған адамның өліміне және әлемдегі ең нашар гуманитарлық дағдарыстардың біріне әкелді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен жергілікті биліктің мәліметінше қақтығыста 20 мыңнан астам адам қаза тауып, 15 миллион адам босқынға айналған. Ал американдық ғалымдардың зерттеулері өлім-жітім санын 130 000 шамасында деп көрсетеді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us