“Reuters” өз журналистері тарапынан Израильді қолдағаны үшін сынға алынды
Әлемдегі ең ірі ақпарат агенттігінің қызметкерлері Палестинаға қатысты жаңалықтарды беру тәсілінде басшылықпен арадағы келіспеушіліктер туралы хабарлады.
“Reuters” өз журналистері тарапынан Израильді қолдағаны үшін сынға алынды
/ AP
17 сағат бұрын

Declassifieduk.org сайтында жарияланған материалға сәйкес, Израиль осы айдың басында палестиналық журналист Анас Әл-Шерифті өлтірген кезде Reuters ақпарат агенттігі «Израиль “Хамас жетекшісі” деп атаған Al Jazeera журналисін өлтірді» деген тақырыппен жаңалық таратқан.

Мақалада бұл тақырыптың Әл-Шерифтің бұған дейін агенттік үшін жұмыс істегеніне қарамастан таңдалғаны айтылып, оның 2024 жылғы Пулитцер сыйлығын алған Reuters тобының мүшесі болғаны көрсетілген.

Мұндай мысалдар интернетте де, сондай-ақ 1851 жылы Лондонда құрылған және бүгінде күн сайын миллиардтан астам көрермені бар ықпалды жаһандық ақпарат агенттігінің кейбір қызметкерлері арасында да алаңдаушылық туғызды.

Бірқатар Reuters қызметкері редакторлар мен басшылық тарапынан байқаған Израильді жақтаушы көзқарас туралы Declassified сайтына хабарлаған. ОБарлығы да қысымға ұшыраудан қорқып, аты-жөнін атамауды сұраған.

Олардың бірі –редактор. Ол 2024 жылдың тамыз айында қызметінен кетіп, әріптестеріне жолдаған хатында: «“Израиль–Хамас соғысы” деп атаған жаңалықтарды оқып, менің құндылықтарымның компания құндылықтарымен сәйкес келмейтінін байқадым», – деп жазған.

Сондай-ақ хатта: «Мен бір есеп қостым... және кейбір әріптестеріммен бірге басшылыққа ашық хат жолдадық, онда Reuters-тің негізгі журналистік қағидаттарды қолдауын қаладық. Алайда қазір жоғары басшылықтың өзгеруі не сындарды белсенді түрде басуды тоқтатуы екіталай екенін түсініп отырмын», – делінген.

Reuters-тің аға коммуникация директоры Хизер Карпентер Declassified-та бұл хатты компания ешқашан алмағанын айтып, жоққа шығарды.

Алайда бір Reuters дереккөзі Declassified-қа: «7 қазан шабуылынан бірнеше апта өткен соң Reuters-тегі бірнеше журналист біздің Израиль–Газа соғысы жаңалықтарымыздың объективті емес екендігін байқады. Оған жауап ретінде бір топ журналист толық жұмыс істей жүріп,  сандық әрі сапалық талдау жасап, жан-жақты ішкі зерттеу жүргізді. Бұл тұжырымдар Reuters-тің Газа мәселесіндегі журналистикасын күшейтуге арналған ақпарат бөліміндегі журналистерді анықтап, оларды өзара байланыстыру мақсатында ішкі арнада таратылған ашық хаттың негізін қалады», – деді.

Declassified сүйенген ішкі зерттеу 2023 жылы 7 қазан мен 14 қараша аралығында жарияланған «Израиль–Палестина» белгісі бар 499 материалды талдаған.

Онда «палестиналықтарға әсер еткен оқиғалардан гөрі израильдіктерге әсер еткен оқиғаларды қамту үшін көбірек ресурс бөлуге қатысты тұрақты үрдіс» анықталған. Талдау кезінде Газада 11 мыңнан астам палестиналықтың қаза тапқаны хабарланған, бұл Израильдегі өлім санынан шамамен он есе көп.

Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы көрсеткіш шамамен 62 мың. Нақты санның бұдан үш есе жоғары болуы мүмкін екені айтылуда.

Сонымен қатар олар Reuters-тің сарапшылардың Израильдің Газада геноцид жасады деген айыптауларын неге көбірек жарияламағанын сынға алып, мұны агенттіктің Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне қатысты осындай айыптауларға қалай қарағанымен салыстырған.

Авторлар бұған қоса: «'Палестина' сөзін қолдануға шектеу қоюымыздың біржақтылықты қалай көрсететініне айқын дәлелі... Палестина кейбір Батыс елінде мемлекет ретінде мойындалмауы мүмкін, бірақ оны жоқ жер сияқты көрсетуге еш себеп жоқ», – деп сын айтты.

Reuters басшылығы ішкі зерттеу бойынша қандай да бір ұсыныстың қабылданып қабылданбағаны жөнінде Declassified-тың сұрағына жауап бермеді.

«Сынсыз журналистика»
Алайда осы жылдың мамыр айына дейінгі кезеңде алдыңғы ішкі сындарды ескергенін көрсететін стильдік нұсқаулықта белгілі бір өзгеріс байқалған.

Reuters-тің жаһандық жаңалықтар бөлімінің сапа және стиль редакторы Ховард С. Голлер «Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Reuters стиль жаңартуы» тақырыбында электронды хат жолдады.

Жаңартуда Reuters журналистеріне геноцид сөзін сілтемемен қолдануға рұқсат берілген, алайда «Палестина» атауын әлі де «көне дәуірден 1948 жылға дейінгі тарихи Палестинаға қатысты» жағдайларда ғана қолдануға шектейді.

«Геноцид» терминіндегі бұл қатаң емес шектеулерге қарамастанDeclassified жүргізген зерттеу 21 маусым мен 7 тамыз аралығында «Израиль мен Хамас соғыста» бетінде жарияланған 300 материалдың тек 14-інде ғана бұл сөздің қолданылғанын анықтады.

Оның орнына «соғыс», «науқан», «қақтығыс», «шиеленіс» және «шабуыл» сияқты сөздер жиі пайдаланылған.

Геноцид туралы айтылған жағдайда да, ол дерлік әрдайым Израильдің бұны  жоққа шығарумен бірге берілген. Бұл Судандағы БАӘ қолдаған Жедел қолдау күштері немесе Ресей сияқты өзге соғыстағы қарсы тараптарға қолданылмаған тәсіл.

Газадағы геноцид пен өзге де адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысты хабарлардағы қосарлы стандартты жоғарыда айтылған ішкі зерттеуде қызметкерлердің өздері де атап өткен.

Әлеуметтік желілерде «тақырып түзетуші» ретінде танымал Таяу Шығыс тарихының маманы доктор Ассал Рад Declassified-қа: «Сіз көрсеткен бұл үлгі – іс жүзінде геноцидті жоққа шығару» деді.

«Адам құқықтары сарапшылары мен халықаралық институттар арасында Израильдің геноцид жасағаны жөнінде ортақ пікір болғанына қарамастан Reuters Израильдің Газадағы зұлматтарын соғыснемесе әскери науқанның жалғасы ретінде көрсетіп, оны геноцид деп атамауды жөн көреді», – деп қосты ол.

Голлердің хаты негізінен Израильдің ұстанымы тұрғысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет беретін «Газа соғысы (2023 – бүгінге дейін)» және «Кеңірек контекст» атты стиль нұсқаулығының бөлімдерінен алынған үзінділерді қамтыды.

Declassified зерттеген жаңартылған бөлімдерде АҚШ пен Израильдің атысты тоқтату келіссөздерін бұзудағы рөлі сияқты маңызды деректер көрсетілмеген.

Олар Израильдің заңсыз қоныстанушы отаршылдығын және апартеидін мүлде елемеді әрі Палестинадағы қырып-жоюдың ауқымын айтарлықтай кемітіп көрсетті.

Мысалы 27 мамырда жаңартылған нұсқаулық The Lancet журналындағы мына тұжырымға сілтеме жасамайды: «Газадағы қазіргі қақтығысқа 186 мың немесе одан да көп өлімнің қатысы болуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.»

Нұсқаулықта сондай-ақ Газаның 1861 жылғы АҚШ Азамат соғысынан бері журналистер үшін ең көп қазаға себеп болған қақтығыс аймағына айналғаны туралы дерек те айтылмаған.

Өткен жылдың тамызында бұрынғы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі адвокаты Крейг Мокхибер Mondweiss басылымы үшін былай деп жазған: «Батыс медиа компаниялары жерде не болып жатқанын білмейді немесе оларды жасыру үшін не істеп жатқанынан хабарсыз деу мүлде сенімді емес… Даусыз түрде олар геноцидті аудиториядан жасыруды, палестиналық құрбандарды жүйелі түрде адамдық сипаттан айыруды және израильдік қылмыскерлерді жауапкершіліктен қорғауды саналы түрде таңдады.»

Жақында, мамыр айында Haaretz үшін жазған израильдік журналист Гидеон Леви: «Батыл әрі адал медиа бұл әскери операцияның алдын алуы мүмкін еді, бірақ бізде ондай ештеңе жоқ деуге болады,» – деді.

Reutersөкілі Declassified-қа берген жауабында олардың жаңалықтары «Thomson Reuters сенім қағидаттарына сәйкес әділ әрі бейтарап» екеніне сенетінін мәлімдеді.

«Көптеген ақпарат редакциясындағы сияқты соғысқа қатысты жаңалықтарымыз өз журналистерімізді қоса алғанда мұқият тексеруден өтті және бірнеше жақтан пікірталасқа тап болды,» – деді ол.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us