Үндістанда көшкіннен 30 адам қаза тапты
Апат Гималайдағы кең ауқымды муссон маусымының ортасында болып отыр. Пәкістан да Пенджаб аймағында қатты сел апатымен күресуде.
Үндістанда көшкіннен 30 адам қаза тапты
/ Reuters
27 Тамыз 2025

“ANI” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Үндістанның солтүстігіндегі Джамму өңірінде танымал қажылық жолында болған жер көшкіні кемінде 30 адамның қазасына себеп болды. Сонымен бірге су тасқынына байланысты билік түнде тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес берді.

Джамму — Үндістан федералды түрде басқаратын Джамму мен Кашмир аймағының бөлігі. Бұл өңір Үндістан әкімшілігіндегі Кашмирді де қамтиды.

Ауа райы қызметі таулы Ладак аймағында нөсер мен дауылды желдің күшейетінін болжады. Джаммуда да қатты жауын-шашын жалғасатыны айтылды.

Билік байланыс қызметін қайта қалпына келтіруге тырысуда, ал Джамму мен Кашмирдің саяси жетекшісі Омар Абдулла байланыс «жоққа тән» екенін мәлімдеді.

“ANI” дерегінше, сейсенбі күні Ваишно Деви индуистік ғибадатханасы маңындағы қажылық жолында болған көшкін кемінде 30 адамның қаза болуына себеп болды.

Бұл — соңғы күндері Гималай аймағында нөсердің салдарынан болған апаттардың бірі. Өткен аптада Үндістан Кашмиріндегі Киштварда 60 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жоғалып кетті.

Билік Джаммуда білім беру мекемелерін жабуға бұйрық берді. Сейсенбі күні Джаммуда 368 мм жауын-шашын тіркелгені хабарланды.

Тави, Чинаб және Басандар өзендері де тасқынға себеп болды. Джамму аймағының өкілі Ракеш Кумардың айтуынша, төменгі аумақтарды су басқан.

Теледидар кадрларында Тави өзені үстіндегі көпірдің құлауы салдарынан көліктердің үлкен шұңқырға түсіп кеткені көрсетілді. Сондай-ақ Джаммуды Үндістанның қалған бөліктерімен байланыстыратын кейбір автомагистральдардың зақымданғаны хабарланды.

Пәкістан да соңғы апталарда муссон жаңбырларымен күресуде.

Сейсенбі күні Пәкістан шығыстағы кең Пенджаб аймағының қатты жауын-шашын және Үндістанның екі бөгеттен су жіберу туралы шешімі салдарынан «жоғары және өте жоғары деңгейдегі» су тасқыны қаупімен бетпе-бет келгенін хабарлады.

Аймақтан өз еркімен кеткендердің саны 150 мыңнан асқаны хабарлады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us