ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
«ASELSAN» рекордтық деңгейде экспорттық келісімшартқа қол қойды
Түркияның қорғаныс компаниясы қаңтар-маусым айлары аралығында кірісін 11,3%-ға арттырып, 1,32 миллиард АҚШ долларына жеткізді. Ал ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығындар 42% өсіп, 572 миллион долларға жетті.
«ASELSAN» рекордтық деңгейде экспорттық келісімшартқа қол қойды
/ AA
6 Тамыз 2025

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің жетекші кәсіпорны «ASELSAN» биылғы жылдың алғашқы алты айында жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын тікелей және жанама экспорттық келісімшарттарға қол қойғанын хабарлады. Компания экспортқа бағытталған даму стратегиясын  табандылықпен жалғастырып жатқанын атап өтті.

2025 жылдың алғашқы алты айында «ASELSAN»-ның табысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға өсіп, 53,7 миллиард түрік лирасына жетті. Бұл өсімге әуе шабуылына қарсы қорғаныс, электро-оптикалық жүйелер, радарлар, авиациялық электроника, қауіпсіздік және қару-жарақ жүйелері сияқты салалардағы эскпорттың әсер еткені айтылды.

Жылдың алғашқы жартысында қол қойылған жаңа келісімшарттардың жалпы сомасы 2,8 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артты. Ал жиналған тапсырыс көлемі 30%-ға өсіп, 16 миллиард долларды құрады.

2025 жылдың алғашқы жартысында «ASELSAN»-ның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсаған шығыны өткен жылмен салыстырғанда 42% артып, 572 миллион АҚШ долларына жеткен. Ал инфрақұрылымдық инвестицияларға бағытталған шығыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%-ға өсіп, 104 миллион долларға дейін жоғарылады.

«ASELSAN»-ның бас директоры Ахмет Акйол 2025 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелерді бағалап, 2024 жылы басталған «ASELSAN NEXT» бағдарламасының компанияға қаржылық серпін бергенін атап өтті.

«Екінші тоқсан нәтижелері бұл серпінді 2025 жылдың алғашқы тоқсанында да сақтап қалғанымызды тағы бір мәрте дәлелдеді», – деді Акйол.

Сонымен қатар ол «Бұл жетістікте себеп болған үш негізгі фактор -  жоғары технология өнімдеріне назар аудару мен оларды жылдам нарыққа шығару, тиімділікті арттыру және отандық өндірісті дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар», – деді.

«ASELSAN»-ның нарықтық құны 21 миллиард АҚШ долларынан асқанын атап өткен Ахмет Акйол бұл көрсеткіштің инвесторлардың компанияға және ұзақ мерзімді өсім әлеуетіне деген сенімінің нақты көрінісі екенін мәлімдеді.

«Жылдың екінші жартысында да осы қарқында дамуды жалғастырамыз. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және инвестицияны одан әрі арттырамыз. Әсіресе әуе қорғанысы, радар, заманауи қару-жарақтар, бағыттау жүйелері және электро-оптика сияқты маңызды салаларда өндіріс көлемін арттырамыз. Экспортқа бағытталған өсім стратегиясымен жаңа нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз » -  деді бас директор.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us