ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
Президент Ердоған геосаяси қауіпке назар аударды
Президент Ердоған Түркияның превентивтік дипломатиясы мен көшбасшылыққа негізделген  ұстаныма тоқталып, Израильдің әскери шабуылдары Таяу Шығыстағы тұрақсыздықты тереңдетіп жатқанын ескертті.
Президент Ердоған геосаяси қауіпке назар аударды
/ AA
9 Тамыз 2025

Президент Режеп Тайып Ердоған Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің ушығып жатқанын және мұның Израильдің Газадан тыс жерлердегі әскери операцияларының кеңеюіне байланысты екенін айтты.

Ердоған жұма күні Стамбулда мәлімдеме жасады. Мәлімдемесінде: «Газадағы геноцидтен басталып, кейін Израильдің Ливанға, Йеменге, Иран мен Сирияға шабуыл жасауы арқылы күшейген геосаяси қауіпті біз анық көріп отырмыз», – деді.

Президент аймақтағы дүрбелеңді тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген қауіп деп бағалап, Түркияның батыл әрекет етуі керектігін баса айтты. «Өңірімізде жаңа жоспарлар жасалып жатқанда Түркияның бұл жоспарларды бұзуы– мемлекет талабы», – деді.

Түркияның аймақтық бейбітшіліктегі шешуші рөлі

Ердоған Түркияның дипломатия саласындағы артып келе жатқан рөліне назар аударып,  «Түркия бейбіт келіссөздердің басты актеріне айналуда», – деді және Түркияның өзгеріп жатқан одақтастықтар мен шиеленіскен қақтығыстар арасында араағайын болуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Үкіметінің сыртқы саясатын «адам өмірі мен қадір-қасиетін» басты орынған қоятын бір саясат деп сипаттаған Ердоған қысым мен ойсыз авантюризмді қабылдамайтындарын мәлімдеді.

«Басқа бір маңызды ұстанымымыз - ар-ождан, әділдік, адам өмірі мен абыройын негіз еткен сыртқы саясатымыздан бас тартпай, Түркияны қақтығыстар мен шиеленістерден алшақ ұстау», - деді мемлекет басшысы. Сондай ол «Біз зұлымдыққа үнсіз қалмаймыз, жасқаншақ болмаймыз, оппозицияның арандатуларына да ермейміз. Түркия үшін, 86 миллион халық үшін, елімізге үміт артқан адамдар үшін ең дұрысын табанды түрде жүзеге асырамыз», – деді.

Ердоған дипломатия мен гуманитарлық көмек қажет қақтығыс аймақтарындағы Түркияның тұрақты қолдауына тоқталды. Президент: «Көршіміз Сирияға 14 жыл бойы қолдау көрсеттік. Ресей-Украина соғысының алғашқы күнінен бастап солай жасадық. Израильдің Иранға, Йеменге және Ливанға жасаған шабуылдарына қарсы да. Газадағы геноцидке жауап ретінде Израильмен сауда қатынастарын тоқтатуда да осыны жүзеге асырдық. Парсы шығанағындағы бауырлас елдермен қарым-қатынастарымызды дамытқанда да солай болды. Ливиядан Қарабаққа дейін қай жерде қажет болсақ, сол жерлерге қолдау көрсеттік», - деді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us