Трамп екі мемлекетті шешімге қызығушылық танытпады
Трамп пен Нетаньяхудің Ақ Үйдегі кездесуінде атысты тоқтату, Иран келіссөздері және екі мемлекетті шешім талқыланды. Израиль премьер-министрі Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды.
Трамп екі мемлекетті шешімге қызығушылық танытпады
/ AP
8 Шілде 2025

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Израиль мен АҚШ палестиналықтар үшін жарқын болашақ ұсына алатын елдерді анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Нетаньяху дүйсенбі күнгі кездесуде «Израиль Америка Құрама Штаттарымен бірге палестиналықтарға жарқын болашақ ұсынатын елдерді анықтау үшін жұмыс істеп жатыр»,- деді.

Израиль көшбасшысы Израильдің жойылғанын қаламайтын палестиналықтармен бейбітшілік орнатуға болатынын айтты. Сондай-ақ қауіпсіздік мәселесі бойынша егемендік әрқашан олардың қолында болатынын атап өтті.

«Екі мемлекетті шешім мүмкін бе?» деген сұраққа Трамп «білмеймін» деп жауап беріп, сұрақты Палестинаның мемлекет болуына бірнеше рет  қарсылық білдірген Нетаньяхуға бағыттады.

«Кейбір адамдар палестиналықтардың мемлекет болғанын қалайды. Бірақ бұл біздің жойылуымыз үшін іргетас», - деді Нетаньяху.

Нетаньяху 7 қазаннан кейін ХАМАС Израильде іс жүзінде мемлекет құрғанын, бірақ оны «жойғанын» мәлімдеді.

Трамп Хамастың атысты тоқтатуға келісетініне сенетінін айтты. «Олар келіссөз жүргізіп, бітім орнатқысы келеді», - деді ол.

Сондай-ақ Нетаньяху Трампқа Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер екенін көрсететін  құжат табыстады. Ол АҚШ президентіне: «Сіз бұған лайықсыз», - деді. Ал Трамп: «Сіздің тарапыңыздан табысталуы өте маңызды», – деп жауап берді.

Иранмен қақтығыстар

Көшбасшылар Иран мәселесін де талқылады. Трамп Израиль мен Иран арасындағы соғыстың аяқталуына үміт білдірді.

Ол Иран шенеуніктерімен келіссөздердің алдағы аптаға жоспарланғанын растады.

Трамп Ақ Үйде Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бірге «Иранмен
келіссөз жоспарладық, олар да келіссөз жүргізгісі келеді», - деді.

Стив Уиткофф кездесудің алдағы аптада немесе жақын арада өтетінін айтты.

«Иранға қарсы жаңа шабуыл жасалуы мүмкін бе?» деген сұраққа Трамп: «Мұны жасауға мәжбүр болмаймыз деп үміттемін», - деп жауап берді.

Сондай-ақ ол: «Бұл істі аяқтаймыз деп үміттенемін. Иә, менің ойымша Иран келіссөз жүргізгісі келеді. Олар бейбітшілік орнатқысы келеді деп ойлаймын және мен мұны қолдаймын», - деді.

 

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us