САЯСАТ
2 Мин оқу
"Мұсылман елдерінің Израильге қарсы бірігетін уақыты келді"
Пәкістан Қорғаныс министрі Хаважа Мұхаммед Асиф «Араб елдерінің Израильге жұмсақтық танытуы – ақымақтық», - деді.
"Мұсылман елдерінің Израильге қарсы бірігетін уақыты келді"
/ Reuters
10 Қыркүйек 2025

Пәкістанның Қорғаныс министрі Израильдің Катарға жасаған шабуылдарын сынға алып, мұсылман елдерін "экономикалық күшін" "бұзақы мемлекет" Израильге қарсы қолдануға шақырды. Министр Тель-Авивке жұмсақтық таныту қате саясат екенін атап өтті.

"Мұсылман елдері Израильге қарсы бірігетін уақыт келді. Бұл мемлекет мұсылман әлемін әлсіретіп, олардың экономикалық күшін бейтараптандыруды көздейді. Израильге жұмсақтық таныту қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп ойлау – үлкен қателік," деп жазды Асиф “X” әлеуметтік желісінде.

Асиф Пәкістанның Үндістанға қарсы соңғы жетістіктерін атап өтіп, Исламабадтың табанды үкіметі мен әскери күштері бес есе үлкен елмен қалай күрескенін айтты.

"Пәкістан экономикалық тұрғыдан әлсіз мемлекет болғанымен, табанды үкіметі мен Құдайға шүкір кәсіби батыр қарулы күштері арқылы бес есе үлкен Үндістанмен күресіп, оларға сабақ берді," деді ол.

"Қауіпсіздікті ешкім сіз үшін қамтамасыз етпейді. Сыртқы көмек маңызды, бірақ жеңілмейтіндік ішкі күштен келеді," деп қосты министр.

Ядролық қаруға ие көршілер мамыр айында АҚШ жариялаған атысты тоқтату келісімінен кейін соңғы отыз жылдағы ең ауыр қақтығыстарын тоқтатұан еді. Төрт күнге созылған бұл қақтығыстарда жүздеген дрон, зымыран және жойғыш ұшақтар қолданылып, кемінде 60 адам қаза тапты, ал мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Қақтығыс кезінде Пәкістан кемінде бес үнді ұшағын, оның ішінде үш “Rafale” ұшағын атып түсірді. Бұл шайқасқа шамамен 30 пәкістандық және 70 үнді жойғыш ұшақ қатысты. Бастапқыда Үндістан ұшақтарының шығынын мойындамағанымен, кейіннен белгісіз санда ұшақтан айрылып қалғанын мойындады.

АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтату келісімін жасауға күш салғанын бірнеше рет атап өтті. Алайда Жаңа Дели Трамптың бұл келісімге қатысын жоққа шығарса, Исламабад АҚШ президентін мақтап, оны Нобель сыйлығына ұсынды.

Катар бүкіл аймақтан "кек алуын" талап етуде

Бұған дейін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Израильдің Дохаға жасаған әуе шабуылдарын айыптап, бұл әрекет аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескеркен болатын.

"Пәкістан халқы мен үкіметі атынан, сондай-ақ өз атымнан, Израиль күштерінің Дохадағы тұрғын ауданды нысанаға алып, бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндірген заңсыз және жауыздық шабуылын қатаң айыптаймын," деді Шариф “X” әлеуметтік желісінде.

"Бұл Израильдің агрессиясы Катардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзу болып табылады және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа ең қауіпті арандатушылық болып саналады," деп қосты ол.

Шарифтің айтуынша, Пәкістан Катар және Палестина халқымен бірге Израиль агрессиясына қарсы тұрады.

Сонымен қатар Катар премьер-министрі Израильдің Дохадағы өлімге әкелген шабуылына жауап қайтару құқығын сақтайтынын мәлімдеп, бұл жағдайды Таяу Шығыс үшін "шешуші сәт" деп атады және "аймақтың бірлескен жауабын" талап етті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us