САЯСАТ
3 Мин оқу
Үндістан Израильмен инвестициялық келісімге қол қойды
Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келіп жатқанына қарамастан Израиль Қаржы министрі Смотрич пен Нирмала Ситхараман Жаңа Делиде келісімге қол қойып, қарым-қатынастарды нығайтты.
Үндістан Израильмен инвестициялық келісімге қол қойды
/ Reuters
14 сағат бұрын

Үндістан мен Израиль сауда және қаржылық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екіжақты инвестициялық келісімге қол қойды. Бұл келісім Газа аймағындағы геноцидке байланысты Тель-Авивтің саяси оқшаулануы артып жатқан кезде жасалды.

Келісімге Жаңа Делиде Израильдің оңшыл Қаржы министрі Бецалель Смотричтің үш күндік сапары барысында қол қойылды. Ол сапарында Үндістанның қаржы министрі Нирмала Ситхараманмен кездесті.

Израиль үкіметі “Бұл келісім Үндістанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (OECD) мүше елмен жасаған алғашқы екіжақты инвестициялық келісімі болып табылады”, - деп хабарлады.

Үндістанның Қаржы министрлігі бұл келісімді "тарихи жетістік" деп атап, ол жоғары технология, инфрақұрылым, қаржылық реттеу және цифрлық төлем саласындағы ынтымақтастықты нығайтады деп мәлімдеді.

Ситхараман сондай-ақ "киберқауіпсіздік, қорғаныс, инновация және жоғары технологиялар" саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударды.

Бірнеше батыс елі тарапынан Батыс Шериядағы заңсыз қоныстармен байланысы үшін санкцияланған Смотрич бұл келісімді "ортақ көзқарасымыз үшін маңызды стратегиялық қадам" деп атады. "Бүгінгі күні Израиль мен Үндістан арасындағы келісім біздің экономикалық өсуімізді, инновациямызды және өзара өркендеуімізді көрсетеді," деп жазды ол “X” әлеуметтік желісінде.

Смотрич "Бұл келісім екі елдегі инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, Израильдің экспортын нығайтады және бизнеске әлемдегі ең ірі әрі жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірінде өсуге қажетті құралдар береді." деді.

Екі ел арасындағы екіжақты сауда 2024 жылы 3,9 миллиард долларға жетті, ал өзара инвестициялар шамамен 800 миллион долларды құрады.

Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы байланыстардың негізі болып қала береді, Үндістан Израильдің ең ірі қару сатып алушысы болып табылады.

Газа аймағындағы геноцид жағдайында тереңдей түскен байланыстар

Израиль Газа аймағындағы геноцидке байланысты Халықаралық сотта және Халықаралық қылмыстық сотта соғыс қылмыстары бойынша айыпталуда. 2023 жылдың қазан айынан бері бұл қақтығыстарда 64 500-ден астам палестиналық қаза тапты.

Соған қарамастан Үндістан премьер-министр Нарендра Модидің ұлтшыл үкіметі кезінде Израильмен жақындаса түсті.

Жаңа Дели 7 қазанда Израильге жасалған күтпеген шабуылды "террорлық әрекет" деп айыптаған алғашқы елдердің бірі болды және сол кезден бері Палестинаны жақтайтын демонстрацияларды басып, Израильді жақтайтын митингілерге рұқсат берді.

Израиль сонымен қатар Үндістанмен білім беру байланыстарын кеңейтті, Израильдегі шетелдік студенттердің ең үлкен тобын үндістер құрайды.

Аймақтық геосаяси өзгерістер аясында

Келісім геосаяси өзгерістер аясында жасалды. Үндістан Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын айыптаудан бас тартты және Тель-Авивті сынға алған кейбір көпжақты мәлімдемелерге қосылмады.

Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айдың соңында үнді тауарларына 50 пайыздық тариф енгізгеннен кейін, Жаңа Дели Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Иранды бомбалауына қарсы декларациясына қол қойды.

Үндістан сонымен қатар өзінің ұзақ уақыт бойғы бәсекелесі Қытаймен шиеленісті азайтуға тырысты. ШЫҰ саммитінде Қытай президенті Си Цзиньпин Модиге "Бейжің мен Жаңа Дели бәсекелес емес, серіктес болуы керек" деп мәлімдеді.

Смотричтің Үндістанда жылы қабылдануы Модидің халықаралық наразылықтарға қарамастан Израильмен байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us