«Reuters» агенттігі Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару осы аптада Жоғарғы сот судьясы Александри ди Морайс шығарған үйқамақ шешіміне ресми түрде шағым түсіргенін хабарлады.
Сәрсенбі күні Болсонарудың қорғаушылары сотқа өтініш беріп, бұрынғы президенттің ешбір шектеу шарасын бұзбағанын мәлімдеді. Бұл мәселенің Жоғарғы соттың жалпы отырысында дауысқа салынуын талап етті.
Дүйсенбі күні бұрынғы президентке үйқамақ шешімі шыққан болатын. Судья Морайс Болсонарудың АҚШ президенті Дональд Трампты заң аясындағы мәселелеріне тартуға тырысып, сот бұйрықтарына бағынбағанын алға тартты.
Болсонарудың заңгерлік тобы бұл шешімге шағым түсіретінін бұған дейін де мәлімдеген болатын.
Шағым хатында қорғаушылар ешқандай заң бұзушылық болмағанын алға тартты және бұл шешімді кеңейтілген сот алқасы қайта қарауы тиіс екенін атап өтті.
Президенттік мерзімінде және одан кейін өкілеттігін бірнеше рет асыра пайдаланды деп айыпталып жатқан Болсонарудың заңдық мәселелеріне үйқамақ жазасы қосылды.