Нигериядағы қайық апатынан кемінде 60 адам қаза тапты
Нигер штатында ағаш діңгегіне соғылып, аударылған қайықта 100-ден астам жолаушы болған.
Нигериядағы қайық апатынан кемінде 60 адам қаза тапты
/ Reuters
18 сағат бұрын

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Нигерияның солтүстік аймағының орталығында орналасқан Нигер штатында 100-ден астам жолаушысы бар қайық аударылып,  кемінде 60 адам қаза тапты.

Қайықтағы жолаушылар сейсенбі күні таңертең Малале аймағындағы Тунган Суледен Дугга қаласына көңіл айту үшін шыққан. Алайда Боргу аймағындағы Гаусава елді мекені маңында су астындағы ағаш діңгегіне соғылған.

Боргу жергілікті басқару аймағының басшысы Абдуллахи Баба Ара сәрсенбі күні «Reuters» агенттігіне берген сұхбатында: «Қайық апатында қаза тапқандар саны 60-қа жетті» — деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол 10 адамның жағдайының ауыр екенін және көптеген адамның жоғалып кеткенін айтты.

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 11 шамасында (GMT 10.00) болған. Шагуми аймағының басшысы Са’аду Инува Мұхаммед оқиға орнына көп ұзамай жеткенін айтып: «Қайықта 100-ден астам адам болды. Өзеннен 31 мәйітті алып шықтық. Қайық та судан шығарылды» — деді. Оның айтуынша, қаза тапқандардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Қаза тапқан төрт адам сейсенбі күні ислам дәстүріне сай жерленді.

Нигер штатының Төтенше жағдайларды басқару агенттігі (NSEMA) жергілікті сүңгуірлер мен құтқару топтарының іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады. Агенттік 29 адамның қаза тапқанын, 50 адамның құтқарылғанын, екі адамның әлі де табылмағанын растады. Кейін табылған мәйіттерге байланысты құрбандар саны көбейген. Агенттік қайыққа шамадан тыс жүк қойылғанын және ағаш діңгегіне соғылып аударылғанын мәлімдеді.

Нигерияда жаңбырлы маусымда қауіпсіздік шараларының дұрыс сақталмауы, шамадан тыс жүк тиеу мен ескі қайықтарды пайдалану салдарынан мұндай апаттар жиі болады. Соңғы жылдары елдің ішкі су жолдарында жүздеген адам осындай қайғылы оқиғаларда қаза тапқан.

Билік өкілдері қауіпсіздік ережелерінің сақталып, сақталмағанын және операторлардың аймақтағы су деңгейіне байланысты ескертулерді елеп, елемегенін тексеретіндерін жеткізді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us