СКТР туризмді дамыту мақсатында "Turkish Airlines" және "AJet" компанияларымен келісімге келді
«Осы қадамдар арқылы туризм секторының бәсекеге қабілеттілігі артады», - дейді СТР Президенті Ерсин Татар.
СКТР туризмді дамыту мақсатында "Turkish Airlines" және "AJet" компанияларымен келісімге келді
/ AA
8 Шілде 2025

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) әуе тасымалын жеңілдету және қолжетімді ету мақсатында Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы “Turkish Airlines” және “AJet” компанияларымен хаттамаға қол қойды.

Дүйсенбі күні ел астанасы Лефкошадағы Президенттік сарайда өткен қол қою рәсіміне СКТР президенті Ерсин Татар және бірқатар жоғары лауазымды тұлға қатысты.

Хаттамаға СКТР премьер-министрі Үнал Үстел және “Turkish Airlines” директорлар кеңесі мен атқарушы комитетінің төрағасы Ахмет Болат қол қойды.

Бұл хаттама СКТР-ға әуе тасымалын арзандатып, билет бағаларын тұрақтандыру және туристік сапарларды арттыру мақсатында жасалды. Осыған сәйкес “AJet” компаниясы СКТР-дың Ержан әуежайынан Түркияның ірі қалаларына тұрақты рейс ұйымдастырады.

‘Туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі артады’

Хаттамаға сәйкес, Түркия мен СКТР арасындағы рейстердің билет бағасының шегі 150 АҚШ доллары (шамамен 6,000 түрік лирасы) болып белгіленді.

Татар бұл хаттаманың СКТР туризміне оң әсер ететінін айтып, “Бұл қадамдар арқылы туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі артады,” - деді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us