АҚШ Израильден тергеу жүргізуді сұрады
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби басып алынған Синджил қалашығында 20 жастағы Саиф Муссаллетті өлтірген заңсыз сионист қоныстанушыларды жауапқа тартуға шақырды.
АҚШ Израильден тергеу жүргізуді сұрады
/ Reuters
6 сағат бұрын

АҚШ-тың Израильдегі елшісі Израиль билігінен басып алынған Батыс Шерияда заңсыз сионист қоныстанушылар тарапынан соққыға ұшыраған 20 жастағы Палестинаның тумасы, Америка азаматы Саиф Муссаллеттің өлтірілуіне қатысты тергеу жүргізуге шақырды.

Сейсенбі күні «X» платформасындағы жазбасында елші Майк Хакаби: «Саиф Муссаллет – Синжилдегі жақындарына барған кезде соққыға жығылып, өлтірілген Америка азаматы. Мен оның өлімінің жан-жақты тергелуін талап етіп, Израильге үндеу жасадым. Бұл қылмыс пен террорлық әрекет үшін жауап берулері тиіс. Саиф небәрі 20 жаста болатын», – деді.  

Жауапқа тарту

Флоридалық Муссаллет өткен жұма күні Синджил қалашығындағы туыстарына барған кезде шабуылға ұшырады. Отбасының айтуынша, тұрғындар оны ұрып-соғып, үш сағат бойы жедел медициналық көмек алуға рұқсат бермеген. Саиф Муссаллет оқиға орнында қайтыс болған.

Көптеген АҚШ депутаты көңіл айтып, Мемлекеттік департаментті оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізуге шақырды.

Аталған кісі өлімі Израиль күштері мен заңсыз сионистік қоныстанушылар тарапынан басып алынған Батыс Шерияда зорлық-зомбылық әрекеттері күшейген кезеңде болды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us