Солтүстік Қытайда су тасқынынан сегіз адам көз жұмды
Баян-Нур маңында өзен арнасынан асып, демалуға шыққан адамдардың өліміне себеп болды. Бұл оқиға Пекинде бірнеше апта бұрын адам шығынына әкелген нөсер жаңбырдан кейін болды. Сарапшылар климат дағдарысына назар аударуда.
Солтүстік Қытайда су тасқынынан сегіз адам көз жұмды
/ Reuters
17 Тамыз 2025

Мемлекеттік БАҚ хабарлауынша, Қытайдың солтүстігінде кенеттен болған су тасқынында кемінде сегіз адам қаза тапты, төрт адам із-түзсіз жоғалды. Әлемнің екінші ірі экономикасы Шығыс Азия муссонының әсерінен зардап шегуде.

Ішкі Моңғолияда аумағындағы жайылымдардан өтетін өзен сенбі күні сағыт 14:00-де арнасынан асты. Баян-Нур қаласы маңында демалып жатқан 13 адам су тасқынына тап болды. Оқиға ауыл шаруашылығы орталығының жанында болып, бір адам аман қалған.

Қытайда шілде айынан бері әдеттегіден әлдеқайда қатты жауын жауып, муссон солтүстікте де, оңтүстікте де ұзаққа созылуда.

Ауа райы мамандары бұл өзгерісті климат дағдарысымен байланыстырады. Кенеттен болған су тасқындары мыңдаған адамды баспанасынан айырып, миллиардтаған долларлық экономикалық шығын қауіпін төндіруде.

Баян-Нур Қытайдың маңызды астық және май өндіру орталығы ғана емес, қой шаруашылығы дамыған аймақ ретінде де белгілі.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us