Трамп: «АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр»
АҚШ президенті АҚШ жетекшілігімен жүзеге асқан атысты тоқтату келісімінен кейін Иранның «келіссөз жүргізгісі келетінін» мәлімдеді және «уақыты келгенде» санкциялардың алынуы мүмкін екенін айтты.
Трамп: «АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр»
/ Reuters
9 сағат бұрын

АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше аптаға созылған өңірлік қақтығыстар мен АҚШ қолдаған Иран-Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімінен кейін, АҚШ-тың Иранмен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Трамп дүйсенбі күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Ақ Үйде өткізген ортақ баспасөз мәслихатында «Иранмен келіссөз жүргізуді жоспарладық. Олар да сөйлескісі келеді», - деді.

«Кездесуге өтініш білдірді... егер біз бір нәрсені қағазға түсіре алсақ, бұл жақсы болар еді. Жақсы болады. Не боларын көре жатармыз», – деп қосты ол.

Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф кездесу алдағы бір апта ішінде өтетінін растады.

«Иранға қарсы тағы бір әскери шабуыл АҚШ-тың күн тәртібінде ме?» деген сұраққа Трамп: «Оған мәжбүр болмаймыз деп үміттенемін. Ондай қадамға барамыз деп ойламаймын. Олар да мұны қаламайды деп ойлаймын. Келіссөз жүргізгісі келеді... мәселені шешкісі келеді», - деп жауап берді.

Бұл мәлімдеме АҚШ-қа тиесілі «B-2» бомбалаушы ұшақтарының Иранның Фордо және Натенз ядролық нысандарына 14 дана «GBU-57» жер астын тесіп өтетін бомба тастағаннан кейін және Исфахандағы нысанға «Tomahawk» зымырандарымен шабуыл жасағаннан кейін екі апта өткен соң жасалды.

Бұл шабуылдар Иранның ядролық бағдарламасына қарсы бағытталған АҚШ-тың ауқымды науқанының бір бөлігі болды.

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алтыншы кезеңі бастапқыда 15 маусымға жоспарланған болатын, алайда 13 маусымда Израильдің Иранның әскери, ядролық және азаматтық нысандарына әуе шабуылын жасауы келіссөздердің тоқтауына себеп болды.

12 күнге созылған қақтығыстан кейін 24 маусымда атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілді.

Трамп дүйсенбі күні Иранның қазіргі кезде «басқаша» екенін және дипломатия жөнінде оптимистік көзқараста екенін айтты.

«Бұл істі аяқтаймыз деп үміттенемін. Иә, менің ойымша Иран келіссөз жүргізгісі келеді. Олар бейбітшілік орнатқысы келеді деп ойлаймын және мен мұны қолдаймын», - деді ол.

Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы енгізген санкцияларын «уақыты келгенде» алып тастайтынын айтып, «Уақыты келгенде бұл санкцияларды алып тастап, қалпына келтіруге мүмкіндік бергім келеді. Мен Иранның бейбіт жолмен қалпына келуін және «Америкаға өлім, Израильге өлім» сияқты сөздерді тоқтатқанын қалаймын»,- деді.

 

 

 

Іздеу
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Илон Масктың «Starlink» компаниясы Шри-Ланкада интернет қызметін іске қосты
Түркия экспортта тағы бір табысқа жетті
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
Трамптың 9 шілдедегі тарифтері күшіне енбей тұрып, елдер сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр
Пәкістан мен Үндістанда муссон жаңбырлары мен кенеттен болған сел салдарынан 73 адам қаза тапты
Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Қытай Коммунистік партиясының мүшелер саны 100 миллионнан асты
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Түркия орман өртімен күресуде
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us