Үндістанда қайта көбейген COVID-19 биыл 44 адамның өмірін қиды
Керала штаты ең көп зардап шеккен аймақ ретінде қалып отыр.
Үндістанда қайта көбейген COVID-19 биыл 44 адамның өмірін қиды
/ AP
5 Маусым 2025

Үндістан үкіметінің COVID-19 індетін бақылауға арналған ресми сайтының дерегіне сәйкес, сәрсенбі күні елде "Омикрон" нұсқасының тармақталған түрлерінің таралуы себебінен 4 300 жаңа жаңа науқас тіркелді.

Аталған сайттың мәліметінше, Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штаты 1 373 науқаспен ең көп зардап шеккен өңір ретінде тіркелді. Елдің қаржы орталығы саналатын Мумбаи қаласы орналасқан Махараштра штаты болса 510 науқаспен екінші орында тұр.

Соңғы 24 сағат ішінде індеттен 7 адам қайтыс болған. Осылайша биылғы жалпы өлім саны 44-ке жетті.

Махараштра мен ел астанасы Дели секілді өзге штаттарда да жұқпалы аурудың айтарлықтай өскені байқалуда.

Артқан жағдайларға қарамастан елдің ең жоғары медициналық мекемесі — Үндістан Медицина Зерттеулері Кеңесі (ICMR) өткен аптада таратқан мәлімдемесінде қазіргі толқынның негізінен “Омикрон” нұсқасының тармақтарынан туындағанын және жұқпалардың “жалпы алғанда жеңіл өтіп жатқанын” хабарлады.

ICMR бұл жағдайға алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтіп, жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Пратапрао Джадхав өткен аптада халықты тыныштандырып, үкіметтің ықтимал өзгерістерге толық дайын екенін жеткізді.

Дели қаласында денсаулық сақтау органдары өткен айда ауруханаларға дайындық деңгейін қайта қарауды тапсырған ескерту хабарламаларын жариялады.

“Worldometer” дерегіне сәйкес, 2020 жылы пандемия басталғалы бері Үндістанда 45 миллионнан астам COVID-19 жұқтырып, 533 570 адам қайтыс болған.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us