“Tolo News” агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Матин Кани оқиғаның сейсенбі түні Кабулдың Арғанди торабында болғанын айтты. Оның айтуынша, автобус жүргізушінің қатесіне байланысты автобус жолдан шығып кетіп, аударылған.
Талибанның баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид те “Аналолу” агенттігіне берген сұхбатында апаттан қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы саны 44 екенін жеткізді.
Өткен аптада Ираннан оралған мигранттарды тасымалдаған автобус Херат уәлаятындағы Херат–Исламқала тас жолында жүк көлігі және мотоциклмен соқтығысып, өртеніп кеткен болатын. Ол апатта 19 баламен бірге 79 адам көз жұмған.
Бұл елде өлімге әкелетін жол-көлік апаттары нашар жол инфрақұрылымы мен жүргізушілердің салғырттығына байланысты жиі болуда.