САЯСАТ
3 минут оқу
Трамп Украинадағы бітім үшін келесі аптада Ресейге арнайы өкіл жібермек
АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткофтың Ресейге санкциялардың күшіне ену мерзімінен бұрын сапар шегетінін растады.
Трамп Украинадағы бітім үшін келесі аптада Ресейге арнайы өкіл жібермек
/ AFP
4 Тамыз 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткофтың Ресейге санкциялардың күшіне ену мерзімінен бұрын сапар шегетінін растады.

Трамп жексенбі күні журналистерге берген сұхбатында Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен онлайн пікірталастан кейін "аймаққа екі ядролық сүңгуір қайық жібергенін" айтты. Алайда АҚШ армиясы бұл сүңгуір қайықтардың нақты қайда орналастырылғанын құпия ұстап отыр. Трамп сүңгуір қайықтардың ядролық қуат көзімен жүретіні не ядролық қару таситыны туралы мәлімет ұсынбады.

Бұл ядролық қысым сигналы Трамптың Мәскеуге: Украинадағы соғысты тоқтату бойынша нақты қадам баспаса, жаңа санкцияларға ұшырайтынын ескертіп, келесі апта соңына дейін уақыт берген сәтінде жасалып отыр.

Республикашыл лидер Уиткофтың сапарына қатысты: "Ол келесі аптада сәрсенбі не бейсенбі күні барады деп ойлаймын," – деді.

Ресей Президенті Владимир Путин Трамптың Кремльмен қарым-қатынасты қалпына келтіру әрекеттері тоқтап қалмай тұрып, Стив Уиткофпен Мәскеуде бірнеше рет кездескен болатын.

Журналистер Уиткоф Мәскеуге қандай хабармен баратынын және Ресей санкциялардан құтылу үшін не істеуі қажет екенін сұрағанда Трамп: "Иә, енді адамдар өлмейтіндей келісімге келіңіздер," – деп жауап берді.

«Қосалқы салықтар»

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін жаңа шектеу шаралары Ресейдің қалған негізгі сауда серіктестері — Қытай мен Үндістанды нысанаға алатын «қосалқы салықтар» түрінде енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Мұндай қадам Ресейге қысымды күшейткенімен халықаралық деңгейде айтарлықтай алаңдаушылық тудыру қаупін де бірге алып келеді.

Вашингтон тарапынан көрсетілген қысымға қарамастан Ресей Украинаға қарсы шабуылдарын жалғастырып келеді. Президент Владимир Путин жұма күні жасаған мәлімдемесінде бейбітшілікті қалайтынын, алайда шамамен үш жарым жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату үшін Мәскеудің талаптары өзгермегенін айтты.

«Ресей мен Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, екі тарапты да қанағаттандыратын, берік негізге құрылған тұрақты және әділ бейбіт келісім қажет», - деді Путин.
«Алайда біздің шарттарымыз өзгермейді», - деп қосты ол.

Ресей Украинадан НАТО-ға мүше болу ниетінен бас тартуды және аннексияланған төрт облыстың бақылауын Мәскеуге беруді талап етіп келеді. Ал Киев бұл талаптарды қабылдауға болмайтын шарттар деп санайды.

Осы геосаяси шиеленіс аясында жексенбі күні Украина Сочи қаласындағы мұнай қоймасына дрон шабуыл жасады.

Киев соңғы апталарда өз аумағына жасалған Ресей шабуылдарының күшеюіне жауап ретінде әуе соққыларын үдете түсетінін мәлімдеді. Аталған шабуылдардан ондаған бейбіт тұрғынның қаза тапқаны хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, түнгі уақытта әуе қорғаныс жүйелерінің 61 украиналық ұшқышсыз ұшақтың (дронның) жойғанын хабарлады.

Ал Украина әскери басқармасы дүйсенбі таңертең “Telegram” арнасында жариялаған мәлімдемесінде елдің оңтүстігіндегі Херсон облысына жасалған Ресейдің әуе шабуылы салдарынан бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Жексенбі күні Украина Президенті Владимир Зеленский шілде айында Стамбулда Ресеймен өткен келіссөздерден кейін 1 200 украиналық сарбазды елге қайтару көзделген тұтқындар алмасуына дайындық жүріп жатқанын айтты.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us